Танымал әнші жер сілкінген кезді видеоға түсіріп алды

Фото: Видео кадры

Танымал әнші, актер Ренат Басит жер сілкінген кезді видеоға түсіріп алды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл видеоны өнер иесі әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті. 

"Stories түсірейін деп едім. Жер сілкінісі басталып кеткені ше", - деп жазған ол. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Ренат Басит (@rinat_basit)

Еске салайық, Алматыда 5 балл жер сілкінісі болғаны айтылды. Жер сілкінісі кезінде не істеу керек? 

Алматы әкімі Ерболат Досаев жер сілкінісі бойынша жедел штаб жиналысын өткізіп жатыр. Ал Алматыда тағы да жер сілкінісінің афтершогы қайталану қаупі бар. Бұл туралы қалалық ТЖД бастығы Нұрлан Атығаев мәлімдеді. 

Сондай-ақ, жер сілкінісіне байланысты мектеп оқушылары мен студенттер сабақтан босатылды

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек