"Қараған сайын жүрегім ауырады". Ләйлә Сұлтанқызы марқұм жұбайын еске алды

"Қараған сайын жүрегім ауырады". Ләйлә Сұлтанқызы марқұм жұбайын еске алды
Фото: sultankyzy/instagram

Танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы марқұм жұбайын еске алып, желіде оған әсерлі жазба арнады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ләйлә Сұлтанқызы алғыс айту күнінде жолдасы екеуінің суретін жариялап, оған деген сағынышын жеткізді. Тележүргізуші марқұм күйеуіне алғысы шексіз екенін айтты.

"Бұл сурет өзіме ыстық болғанымен, қараған сайын жүрегім ауырады. Жақындар, дос-жарандар осы фотоны қойып, көңіл айтқан еді. Ең бақытты сәттеріміздің бірі. Бірінші кезекте мені қорғап, қолдап, еркелетіп, жанарымдағы отты сөндірмеген азаматыма алғысым шексіз. Жатқан жерің жайлы болсын, Қайрекем", – деп жазды журналист Instagram парақшасында


instagram.com/sultankyzy

Еске салайық, 2022 жылы 6 қарашада ҚР Президенті Іс басқармасының медициналық орталығы "Оқжетпес" емдеу-сауықтыру кешені АҚ президенті, журналист Ләйлә Сұлтанқызының жұбайы Қайрат Беркінбаев өмірден өтті.

Қайрат Беркінбаев қоғам қайраткері, "Оқжетпес" емдеу-сауықтыру кешені АҚ президенті болған. 

А. Жапатова