Макарон дайындау кезіндегі мына қателіктер оны уға айналдырады

Макарон дайындау кезіндегі мына қателіктер оны уға айналдырады
Фото: elements.envato.com

Бірнеше күн бойы тоңазытқышта сақталған макарон өнімдерін тұтынбаған абзал. Өйткені, медицина ғылымдарының докторы Марият Мухинаның сөзінше, микротолқынды пеште жылытылған макарон құрамындағы крахмалдың құрылымы өзгеріп, қорытылуы нашарлайды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі doctorpiter-ге сілтеме жасап.

Мамандар бөлме температурасында тұрып, суыған макаронның зияны жоқ әрі пайдалырақ екенін түсіндірді. Макарон құрамындағы крахмал салқындаған кезде ас қорыту ферменттеріне төзімді болады. Сөйтіп крахмал тоқ ішекте қорытылып, пайдалы бактериялардың қорегіне айналады. 

"Макаронды қайта қыздырған кезде крахмалдан электрон бөлініп, бос радикалдар пайда болады. Ал олар  жасушада мутация тудырады. Бұл зиян заттарды ағзадан шығару үшін антиоксидант қажет", - деді ол.

Сондықтан макаронды үлкен табақта бірден бірнеше күнге псісіріп, сақтаудың қажеті жоқ. Оған қоса, макаронды пісіруге көп уақыт кетпейді. 

"Макаронды толық пісірмей жеген пайдалы. Аль-денте макаронын толық пісірмеген жөн, сонда ол тағамдық қасиетін көбірек сақтайды. Сонымен қатар, мұндай макароннан ұзақ уақыт бойы тоқ жүресің, қарның ашпайды", - деді маман. 

Қарапайым ұннан дайындалған макаронның жұмсақ сортын күннің бірінші жартысында жеген абзал, осылай асқазан оны қорытып үлгереді. Ал қатты бидай макаронын кешкі асқа тұтынған дұрыс, өйткені ол тыныш ұйықтауға көмектеседі. 

"Қатты бидай макаронында нейротрансмиттерлердің синтезіне көмектесетін аминқышқылдар бар. Жүйке жүйесіне седативті әсер бар", - дейді Марият Мухина.

Сонымен қатар, дәрігердің сөзінше, мұндай макарон марганецке бай, ол орталық жүйке жүйесіне оң әсер етіп, оны босаңсытады.

Ең бастысы - макаронды кешкі асқа тұтынған кезде оны майлы тұздықпен дәмдеудің қажеті жоқ. Майлы тұздық тағамды 3 есе калориялы етеді. 

"Макаронның гарнир емес, жеке тағам екенін ұмытпаңыз. Кешкі асқа котлет пен макаронды бірге жемеңіз", - деді ол.

Айта кетейік, бұған дейін қандағы қант пен холестерин деңгейін төмендету үшін макарон мен картопты қалай жеу керегі хабарланған болатын. 

Тағы да оқи отырыңыздар: Жылына неше рет МРТ жасатуға болады?

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Б. Жұмаділлә