"Құмармын". Саят Медеуов ел білмейтін құпиясын айтты

"Құмармын". Саят Медеуов ел білмейтін құпиясын айтты
Фото: Видео кадры

Танымал әнші Саят Медеуов көлікті қатты жүргізетінін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы ол "ХабарLike" бағдарламасында бөлісті. 

"Көлікке құмармын. Оны қатты жүргізетінім рас, бірақ қазір камера көбейді ғой. Жүргізе алмай қалдық. Бұрын әкемнен біреу "балаңыз көлікті қатты жүргізеді, қорықпайсыз ба?" деп сұрапты, сонда әкем "иә, қатты жүргізгенімен, жақсы жүргізеді" деген екен. Көлікті қатты жақсы көремін. Екі жыл бұрын көлік апатына түстім, ол кезде мен ұйықтап жатқан едім. Білмей қалдым, сол дұрыс болды. Әйтпесе, көлік жүргізе алмай қалар ма едім?", - деді ол. 

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

С. Бөлек