Кішкентайы - 1 айлық. Қазақстанда қанша Тоқаев, Қайрат Нұртас және Назарбаев бар?

Кішкентайы - 1 айлық. Қазақстанда қанша Тоқаев, Қайрат Нұртас және Назарбаев бар?
Фото: ©️ Tengrinews.kz / Әлихан Сариев

Қазақстанда экс-президент Назарбаевтың, қазіргі Президент Тоқаевтың және басқа да танымал адамдардың қанша аттасы бар? Massaget.kz тілшісі Ұлттық статистика бюросына ресми сауал жолдап, анықтап көрді.

Қазақстанда Нұрсұлтан Назарбаевпен аттас 49 адам бар. Ең үлкені 22 жаста, ал ең кішісі 6 жаста екен. 

Видеодан кадр

Ал Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевпен аттас бір адам бар. Ол - 1 жастағы Қызылорда облысының тұрғыны. 

Ақорда

Дінмұхамед Қонаев есімді 5 адам бар екен. Бұл есімді адамдар Қарағанды облысы, Алматы қаласы, Ақтөбе облысы, Түркістан облысында тұрады. Олардың ең үлкенінің жасы 13 жаста, ал ең кішкентайы 6 айлық.

©️ kunayev.kz

Танымал әнші Димаш Құдайбергенмен аттас 26 адам бар екен. Олардың ең үлкені 23 жаста, кішісі 1 айлық.

Instagram/@kudaibergenov.dimash

Қазақстанда сайсаткер Иманғали Тасмағамбетовпен аттас 3 адам бар. Олар - Ақтөбе облысы, Батыс Қазақстан облысының тұрғындары. Ал олардың үлкені 18 жаста, кішісі 9 жаста. 

Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Қазақстанда Абай Құнанбайұлы есімді бес адам бар, олар Алматы облысы, Астана қаласы, Түркістан облысы, Жамбыл облысы, Қызылорда облысында тұрады. Олардың арасында ең үлкені 25 жаста, кішісі 1 жаста.

Ал Абай Құнанбаев деген 10 адам бар екен. Бұл есімдегі азаматтар Ақтөбе облысы, Шығыс Қазақстан облысы, Жамбыл облысы, Алматы қаласы, Абай облысы, Қызылорда облысында тұрады, үлкені 39 жаста, кішісі 3 жаста.

Ашық дереккөз

Ақын Мағжан Жұмабаев есімді 76 адам бар екен. Үлкені 33 жаста, ең кішкентайы 1 айлық.

Шоу-бизнестегі танымал әншілер Қайрат Нұртас, Төреғали Төреәлімен де аттас жандар бар екен.

Мәселен, Қайрат Нұртаспен аттас 12 адам бар. Олар Түркістан облысы, Абай облысы, Қостанай облысы, Маңғыстау облысы, Жамбыл облысы, Атырау облысы, Астана қаласы, Алматы қаласында тұрады. Үлкенінің жасы 11-де, кішісі 1 жаста.

Әлеуметтік желі

Төреғали Төреәлі есімді бір адам бар. Ол Маңғыстау облысында тұрады, жасы 8-де.

Әлеуметтік желі

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Ж. Қадыржанова