Қырыққабат дайындаудың мына тәсілі қартаю процесін баяулатады

Қырыққабат дайындаудың мына тәсілі қартаю процесін баяулатады
Фото: pixabay.com

Кәрістердің ұлттық тағамы ішектің саулығын жақсартып, салмақ тастауға көмектеседі, тіпті қартаю процесін баялатады. Сарапшылар кимчидің денсаулыққа пайдасы туралы айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Кимчи - кәрістердің әртүрлі көкөністерден дайындалатын ашытылған ұлттық тағамы. Көбінесе пекин қырыққабаты мен корей шалғамы қолданылады. Ол чили, сарымсақ, зімбір, соя немесе балық соусымен хош иістендіріледі, содан кейін үлкен құтыға салып, бөлме температурасында бірнеше күн немесе апта бойына қалдырылады.

Кимчи тұтынудың денсаулыққа пайдасы:

1. Биологиялық қартаю процесін баяулатады. Тағам антиоксиданттарға бай және ағзадағы жалпы қабынуды азайтады. Бұл өз кезегінде созылмалы аурулардың, соның ішінде жүрек ауруларының дамуын бәсеңдетеді.

2. Ішек саулығына ықпал етеді. Кимчи құрамында терінің күйін, психикалық және жүрек саулығын жақсартуға көмектесетін маңызды пробиотиктер бар.

3. Иммундық жүйені нығайтады. Қырыққабат ашығаннан кейін оның құрамында бактерия саны көбейеді, олар  иммундық жүйені нығайта алады, бұл ағзаға инфекциялармен күресуге күш береді.

4. Холестерин деңгейін жақсарта алады. Кимчи "жаман" LDL холестеринін төмендету арқылы холестерин деңгейіне оң әсер етуі мүмкін.

5. Салмақ тастауға ықпал етеді. Тағамдағы пробиотиктер зат алмасуды жақсартуға және дене майын азайтуға көмектеседі.

Айта кетейік, бұған дейін сау ішек: пробиотиктерге бай ең үздік 5 өнім туралы хабарланған болатын. 

  • Ашытылған қырыққабат;
  • Тұздалған өнімдер;
  • Соя өнімдері;
  • Қышқыл сүт өнімдері;
  • Шай саңырауқұлағы.

Тағы да оқи отырыңыздар: Серпімділік күші дегеніміз не?

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Б. Жұмаділлә