Бойжеткен анасын 7 жыл бұрын жасаған әрекеті үшін тойға шақырудан бас тартқан

Бойжеткен анасын 7 жыл бұрын жасаған әрекеті үшін тойға шақырудан бас тартқан
Фото: pixabay.com

Желі қолданушысы анасын үйлену тойына шақырудан бас тартқаны туралы оқиғасын бөлісті. Бойжеткен бұған жеті жыл бұрын болған анасының әрекеті себеп екенін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі lenta.ru-ға сілтеме жасап. 

Жазба авторының айтуынша, анасы 13 жасында екінші рет тұрмысқа шыққан. "Ол маған әрқашан оның үйлену тойында гүл шашатынымды айтатын, бұған өте қуанышты болдым", - деп есіне алды ол. Нәтижесінде әйел ағасына және оған күтуші қажет болатынын айтып, қызының мерекеге қатысуына тыйым салған. "Мерекеге күйеу жігіттің балалары келді, нағашы апа-ағам да болды, бірақ мүгедек ағам екеумізді мерекеге қатыстыруға рұқсат бермеді, бұл мені қатты қынжылтты", - деп шағымданды әңгіме кейіпкері.

Оқиғадан кейін ол екі апта бойы анасымен сөйлеспеген.

"Қазір мен 20 жастамын, тұрмысқа шығамын. Анамды тойыма шақырған жоқпын", - деп жазды әңгіме авторы.

Оның айтуынша, әйел қызының бұл шешіміне ашуланып, онымен байланысын тоқтатқан.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек