"Сақинаны қалтамда 2-3 аптадай ұстап жүрдім". Әли Оқапов Ақерке Бүркітбайға қалай ұсыныс жасағанын айтты

"Сақинаны қалтамда 2-3 аптадай ұстап жүрдім". Әли Оқапов Ақерке Бүркітбайға қалай ұсыныс жасағанын айтты
Фото: instagram.com/aliokapov

Әнші Әли Оқапов "Менің өмірім" бағдарламасында Ақерке Бүркітбайға қалай ұсыныс жасағанын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Әнші ұсынысты тосынсый ретінде жасағанын айтты.

"Ұсынысты тосынсый ретінде жасадым. Негізі сақинасын қалтамда 2-3 апта шамасында ұстап жүрдім. Өйткені, кім біледі, кей кездері аяқ асты әдемі көрініс болып қалады. Сондай кезде дайын болу үшін сақинаны өзіммен бірге алып жүргенмін. Бірақ ондай сәт болмады. 2020 жылдың 7 шілдесінде біздің жақын достарымыз, танымал жүргізуші Тимур Балымбетов үйленді. Біз оларға тойда жолдастары болдық. Бұл карантин кезі, тек далада жүруге болады. Сондықтан естелікке фотосессияны төртеуміз жасап жүргенбіз. Сол кезде ұсынысқа лайықты сәт болды. Бірақ бүгін біздің күн емес, бүгін Тимур мен Лаураның күні, оларға жағаласпай-ақ қояйық деп ойладым. Әрине, қуанышқа қуаныш қосылған жақсы ғой, десе де барлығын оларға арнайық деп өзімді тоқтаттым. Бірақ тура келесі күні - 8 шілде күні достарымды жинап, Ақеркені алдап-сулап тауға әкелдім. Мен емес, менің досым - "Ринго" тобының мүшесі Данияр Ақеркеге "тауға барайық, Әли сол жақта түсірілімге көмектесіп жүр" дейді. Сөйтіп екеуі таксимен тауға келді. Ал мұнда мен достарымызбен тұрмын. Мен гүлмен тұрмын, күн батып бара жатыр, бүкіл қала алақандағыдай көрінеді. Сол кезде мен ұсыныс жасадым. Ақерке сенбей тұрған, содан кейін маған "неге бүгін, менің түрім ең быт-шыт кезінде" деп айтты. Жұмыстарымен футболка мен джинспен жүрген ғой. "Әдемі көйлек киіп келмеймін ба" деп айтты. Мен "ондай кезде тосынсый болмайтын еді" дедім", - дейді Әли Оқапов.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

А. Жапатова