Болашақтың тамағы. Ғалымдар күріштің ішінен ет өсіре алды

Болашақтың тамағы. Ғалымдар күріштің ішінен ет өсіре алды
Фото: ru.freepik.com

Сеулдегі Йонсей Университетінің ғалымдары сиыр еті мен күріштен тұратын жаңа тамақтану өнімін шығарды. Олар оны шығару үшін сиырдың бұлшықет және майлы дің жасушаларын күрішке трансплантация жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі New Atlas-қа сілтеме жасап.

Тәжірибе нәтижесі

Пайда болған өнім қызғылт ботқаға ұқсайды. Оның құрамында күрішпен салыстырғанда 8 пайызға көбірек ақуыз, 7 пайызға көбірек май бар. Оны қопсыту процесі кезінде қосымша өсіруге болады.

"Елестетіңізші, бізге қажет барлық қоректік заттарды жасушалық өсірілген ақуызды күріштен ала аласыз. Күріште қоректік заттар көп, бірақ оны оған малдың жасушаларын қосу арқылы одан сайын арттыруға болады", - дейді биомолекулярлық инженер Сохен Пак.

Етті күрішті өндіру сиыр етін өндіруге қарағанда үнемді болмақ. Күрішті гибридтің тұтынушыларға арналған бағасы 1 килограмм сиыр еті бағасының 15 пайызын ғана құрайды.

Зерттеушілер өз жұмысын әрі қарай жалғастырмақ. Олар өндіру процесін жетілдіргісі келеді: олардың ендігі мақсаты – оны дайындауға қажетті уақытты қысқарту.

"Мен жасушалар күріште осылай жақсы өседі деп күтпедім. Мен енді гибридті тамаққа арналған мүмкіндіктер әлемін көріп тұрмын. Біркүні ол аш адамдарға азықтық көмек болуы немесе ғарыштық тағам болуы мүмкін", - дейді Сохен Пак.

А. Жапатова