Неліктен тырнағыңыздағы гель-лак түсіп қала береді? 5 себеп

Неліктен тырнағыңыздағы гель-лак түсіп қала береді? 5 себеп
Фото: pixabay.com

Гель-лактың көмегімен тырнағыңыздағы ұқыпты маникюрді ұзаққа дейін сақтауға болады. Әдетте ол 2-4 апта бойы тұрады. Алайда кей жағдайда гель-лак бірнеше күннен соң түсе бастайды. Оның себебі неде болуы мүмкін? Тырнақта гель-лактың тұрмауының жиі кездесетін 5 себебін ұсынамыз, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Тырнақ жағдайы

Әр қыздың тырнағының жағдайы әртүрлі. Мысалы, біреулердің тырнағының пластинасы қатты болса, біреулердікі өте әлсіз. Әдетте тырнағы әлсіз қыздарға шебер қатайтатын құрал ұсынады. Бірақ өкінішке қарай, кейде мұндай қатайтатын құрал да көмектеспеуі мүмкін.

Құралдарды жағу технологиясы

Әр өнімді жағу технологиясын сақтау маңызды. Егер гель-лакты шамның астында аз ұстаса, лак тырнақта тұрмауы мүмкін. Сондай-ақ соңғы қабатты жағу кезінде тырнақ пластинасының түбін бекіту керек.

Материалдың сапасы

Кейде арзан материалдар сапасыз болады. Сапасыз материалдар тырнақта ұзақ тұрмауы мүмкін. Сондай-ақ мұндай құралдар аллергия беруі мүмкін.

Денсаулық жағдайы

Қандай да бір ауру кезінде гель-лактан бас тартқан жөн. Гормонды препараттар, антибиотиктер ішу және күйзеліс  гель-лактың тырнақта тұруына әсер етеуі мүмкін. Сондай-ақ жүктілік кезінде гель-лак өте ұзақ тұруы немесе мүлдем тұрмауы мүмкін.

Қолмен жұмыс істеу

Қолды жиі суға салу, тұрмыстық химияны қолғапсыз қолдану, күнде пернетақтамен жұмыс істеу, спортзалда жаттығу гель-лактың түсіп қалуына ықпал етуі мүмкін.

Оқи отырыңыз: "Маникюр жасауға болмайтын адамдар бар". Маман тырнақ сәндеудің қыр-сырын айтты

А. Жапатова