"Қуып жіберді". Таксиcтпен жанжалдасқан әйел бұл оқиғаны күйеуі мен ата-енесі қалай қабылдағанын айтты

"Қуып жіберді". Таксиcтпен жанжалдасқан әйел бұл оқиғаны күйеуі мен ата-енесі қалай қабылдағанын айтты

Шымкентте такси жүргізушісімен жанжалдасқан әйел Гүлжанар Syr Podcast-қа берген сұхбатында осы оқиғаны күйеуі, ата-енесі, басқа да туыстары қалай қабылдағанын айтып берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Түсінік берген видеомнан кейін туысқандарым, таныстарым, ата-енем, жолдасымның туысқандары, көршілер, бәрі тани бастайды. Көбісі "Күйеуі бұны үйінен қуып жіберді ме екен?", "Бұны ұрып өлтірген шығар?" деп білгісі келіп бара жатыр. Енді білмеймін, өздерінің ортасы сондай болғаннан кейін басқаны да сөйтіп көріп отыр. Біріншіден, менің ортам, отбасым - оқыған, білімді адамдар. Олар дес бермейді. Таяқтың екі ұшы болады, екі жағын қарайды, содан кейін барып шешім айтады", - деді ол.

Ол күйеуінің бұл жағдайды әуеліден-ақ түсінгенін, позитивпен қабылдағанын айтты.

"Депрессияға кірме", "Комментарий оқыма, айта береді" деді. (...) Шындығына келсек, Аллаға шүкір, бәрі күшті. Ата-енем де, қайнағам да қажылыққа барып келген кісілер. Намаздағы кісілер болғандықтан, ол кісілер ондай нәрсеге не істей (мән бере - шамамен) бермейді", - деді ол.

Еске салайық, такси жүргізушісімен жалжалдасқан әйел осы оқиғадан кейін көпшіліктің сын-пікірін елей қоймағанын, алайда жүктілігіне қарата айтылған "Балаң түсіп қалсын, өліп қалсын" дейтін сөздер ауыр тигенін баяндаған еді.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан