Елімізде Мұқағали есімді қанша адам бары белгілі болды

Елімізде Мұқағали есімді қанша адам бары белгілі болды
Фото: Ашық дереккөз

Елімізде Мұқағали есімді 1835 адам бары белгілі болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ұлттық статистика комитетінің мәлімдеуінше, елімізде Мұқағали есімді 1835 адам бар. 

Айта кетейік, бүгін - Мұқағали Мақатаевтың туған күні. Ақын 1931 жылы 9 ақпанда қазіргі Алматы облысының Райымбек ауданында, Қарасаз ауылында дүниеге келген.

Азан шақырып қойған аты - Мұхаметқали.  "Құжат бойынша Мұқағали 9 ақпанда дүниеге келген. Бұл куәлікті ақын ес білген кезде сол кездегі сайлау науқанына байланысты өзі жаздырып алған екен" дейді Мұқағали Мақатаев атындағы әдеби сыйлықтың лауреаты Оразақын Асқар ақынның туған күні жайлы.  

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек