"Қынжылдым". Бибігүл Төлегенова өзіне қойылатын мүсінге қатысты ойын айтты

Опера сахнасының аңызға айналған тұлғасы, ҚР Халық әртісі Бибігүл Ахметқызы Төлегенова "Таңшолпан" бағдарламасында өзіне қойылатын мүсінге қатысты ойын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Халық әртісі Бибігүл Төлегенова бастапқыда тірі кезінде мүсін қоюына қарсы болғанын айтты.

"Маған басында әкеліп көрсеткен кезде шынымды айтсам, қынжылдым. "Айналайын, тірі адамға ондай жасай ма" дедім. "Жоқ, апа, қазір бәрі жасап жатыр" деді. Мүсінші қазақ жігіт екен, соңғы келгенінде "орнын дайындадық, Панфилов көшесіндегі театрдың нағыз алдына қарап отырасыз" деді. Мен "жарайды, бірақ ол жерде кім білсін, біреуге ұнайды, біреуге ұнамайтын шығар" деп едім, "қалайша ұнамайды" деді. Мен алғысымды айттым", - деді Бибігүл Ахметқызы.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!