"Аңқау болыппын". Әнші Әmre жеке өмірі жайлы айтты

"Аңқау болыппын". Әнші Әmre жеке өмірі жайлы айтты
Фото: instagram.com/amre_official

"Әmre" лақап атымен танымал әнші Ернар Сәдірбаев "1001 түн" бағдарламасында жеке өмірі жайлы айтты,- деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Жалпы жеке өмір мен үшін өте жеке тақырып. Мен 29 жасқа келіппін. Мен тек қана жұмыс істеппін. Шыны керек, барған жерімде жан-жағыма қарамаппын. Өзіме мақсат қойып, тек еңбек ету керек, жұмыс істеу керек деп өзімді шектеудің ішіне кіргізіп тастаппын. Осы күнге дейін жеке өмірімді мүлдем ойламаппын. Мен соны осы 29 жасқа толғанда түсіндім. Бір қызбен басынан аяғына дейін нақты дұрыс жүрмеппін. Оны мойындау керек. Менің ойымда тек жұмыс, белгілі бір сатыға өсу болған. 

Әке болғым келеді. Сүйікті, адал жар болғым келеді. Менің басты мақсатым сол. Менің отбасым сондай, менің әке-шешем бір-біріне адал болды. Менде әке өз орны, шеше өз орны бар. Мен де сондай отбасы болғым келеді. Әрине, бәріне үлгеріп жүрген жігіттер бар, мен аңқау болыппын. Әр нәрсенің уақыты болады. Мен ол жауапкершілікті еркек ретінде білемін және сезінемін", - дейді Әmre.

А. Жапатова