"Неткен сұлу". 63 жаста той көйлегін киген әйел Желі қолданушыларын тәнті етті

"Неткен сұлу". 63 жаста той көйлегін киген әйел Желі қолданушыларын тәнті етті

Блогер Бота Әбдіраманова анасының арманын орындап, әлеуметтік желі қолданушыларын таңғалдырды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Блогер видеода анасы өз тойында салтанатты той көйлегін кие алмағанын айтады. Бота Әбдіраманова анасының арманын орындағысы келеді. Оның бұл идеясы ата-анасының үйленгеніне 40 жыл болған сәтпен, яғни лағыл тойға тұспа-тұс келеді.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Bota Abdiramanova (@bota.abdiramanova)

"63 жаста тұрмысқа шығу кеш деп кім айтты?", – деп жазды блогер бейнеролик астына.

Той көйлегін киген блогердің анасы ғана емес: әкесі де классикалық костюм киді. Видео әлеуметтік желілерде кең тарап, қолданушыларды тәнті етті.

"Сондай сүйкімді жұп", "анасының энергетикасы қандай күшті", "анасы неткен сұлу" , - деп жазды Желі қолданушылары.

Оқи отырыңыз: Бақытты қарым-қатынастың құпиялары

А. Жапатова