"Батыс жабайы". Актриса Дариға Бадықова тойға неліктен күзетшімен шыққанын түсіндірді

"Батыс жабайы". Актриса Дариға Бадықова тойға неліктен күзетшімен шыққанын түсіндірді
Фото: instagram.com/dariga_badykova

Танымал актриса, продюсер Дариға Бадықова "Aq pen Qara" подкастына берген сұхбатында неліктен тойға күзетшімен шыққанын түсіндірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Актрисаның айтуынша, өнер көрсетуге күзетшімен шығуды мейрамхананың иесі ұсынған. 

"Біз тойға күзетшімен "болдық, толдық" дегеннен шыққан жоқпыз. Біз жаңа жылдық мерекені тойлау кешіне мейрамханаға бардық. Бізге де ақша керек, енді біз өнер арқылы ақша табуымыз керек қой, әрбір адам өз мамандығы бойынша ақша табады, біздікі де дәл солай. Ол күні күзетшімен шығуды мейрамхананың иелері ұсынды. Өйткені той, халық өзі жылына бір рет көңіл көтереді, ондай кезде адам көп олады, қыспасын, біреудің зияны тиіп кетпесін деген мақсатта болды. Адамдар әртүрлі ғой, біреу зиянын тигізе ме, бір зат тығып ала ма сондай ретте.

Оны екі түрлі бағытта шығарған адамдар, біріншісі, Батыс жабайы деп. Мен Батысты жабайы деп айта алмаймын, кассаның 70 пайызын Батыс өңірі жапқан, өйткені олар қазақи, жанашыр. Адамдар келіп суретке түсіп жатса да, түртіп жатса да оны жабайы деп айтуға болмайды. Ол халықтың ықыласы, суретке түскісі келеді. Мен де кішкентай кезімде ауылға әнші келсе, жармасып, жүгіретін едім. Мысалы Америкада әртістер күзетшімен жүрсе оң көзқараспен қарайды да, неге өзіміз де сондай болып жатса, қуанбаймыз?" - деді актриса.

Еске салайық, бұған дейін "Ұят екен". Дариға Бадықованың тойға күзетші ертіп шыққан видеосы желіде қызу талқыға түскені хабарланған болатын.

Тағы да оқи отырыңыздар: Асыраушысынан айырылған отбасыға қандай жәрдемақы беріледі?

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Б. Жұмаділлә