"Ұят екен". Дариға Бадықованың тойға күзетші ертіп шыққан видеосы желіде қызу талқыға түсті

Фото: видеодан алынған кадр

Танымал актриса Дариға Бадықованың тойға күзетші ертіп шыққан видеосы әлеуметтік желіде қызу талқыға түсті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Кадрларда оның жанында Оchooou лақапатымен танымал әнші, актер Олжас Абай да бары, оларды күзетшілер айналдырып қоршап тұрғаны көрінеді. Әлеуметтік желіде тараған видео арнайы жасалған қойылым ба немесе, шынында да, күзетшілер ертіп шықты ма, бұл жағы белгісіз.

@jasminferro

♬ оригинальный звук - KZ Atyrau

Алайда желі қолданушылары актрисаны сынның астына алған. Кейбіреулер оларды да түсінуге болатынын айтқан.

"Әртістерді түсіну керек, өлең айтып тұрғанда, неге сонша барып жабысады?", "Өздеріне көп алып қойған жоқ па?", "Не болды соншама?", "Қаншама атақты Димаш, Мейрамбек, Роза, Мақпал апалар сияқты қарапайым болу керек", "Ұят екен, неден, кімнен қоршап тұр?" - деді олар.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Ж. Қадыржанова