Дәрігер ұйқысыздықпен күресетін өнімдерді атады

Дәрігер ұйқысыздықпен күресетін өнімдерді атады
Фото: pixabay.com

Биолог Ирина Лялина "Известия"-ға ұйқысыздықты жеңуге көмектесетін өнімдерді атады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Ұйқысыздық – депрессияға әкелуі мүмкін жағымсыз және шаршататын жағдай. Көпшілік адам оны жеңудің бір әдісі – алкоголь ішу деп қателеседі. Негізінде бұл олай емес. Алкоголь шынымен де уақытша ұйықтатуы мүмкін, бірақ кейін (ол қан жасушаларына жеткен кезде) қоздыру кезеңі басталады, сіз оянып кетесіз де, ұйықтай алмайсыз", - дейді дәрігер.

Маманның айтуынша, ұйқысыздықпен күресуге түймедақ, жаужапырақ және жалбыз шайы, бал қосылған жылы сүт, банан және брокколи көмектеседі. Оларда ұйықтауға ықпал ететін және мелатонин гормонының өңделуін ынталандыратын аминқышқыл – триптофан бар. Бадам жаңғағында мелатонин өңделуіне ықпал ететін магний бар. Сұлы да құрамындағы магнийдің көп мөлшерінің арқасында пайдалы. Албырт – ұйқы сапасына әсер ететін омега-3 майлы қышқылдарына бай.

"Ұйықтар алдында кофеин мен никотиннен аулақ болыңыз. Ұйқысыздықты жеңу үшін жүйелі түрде физикалық белсенділікпен айналысуды ұмытпаңыз, күнде бір уақытта жатуға және тұруға тырысыңыз, сондай-ақ ұйықтауға 30 минут қалғанда барлық гаджетті сөндіріңіз. Бұл әдістердің тиімділігі әр адамда әртүрлі болуы ммкін. Егер ұйқысыздық проблемаға айналса, дәрігерге көрініп, жеке ұсыныстар алыңыз", - деп қорытындылады Ирина Лялина.

Оқи отырыңыз: Жұмыс аптасы жеңіл өтуі үшін демалыс күні не істеу керек?

А. Жапатова