Гинекологқа барарда не істеуге болмайды?

Гинекологқа барарда не істеуге болмайды?
Фото: ru.freepik.com

Әр әйел мүмкін қауіптерді жоққа шығару үшін және кей ауруларды бастапқы кезеңінде анықтау үшін гинеколог маманына жүйелі түрде тексеріліп тұруы керек. Алайда нәтижелер дұрыс шығуы үшін дәрігерге барарда дайындалған дұрыс. Гинеколог Вероника Гаврилова дәрігерге қаралуға келерде не істеуге болмайтынын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Doctorpiter-ге сілтеме жасап.

Дәрігерге баратын күнді етеккір күнтізбесіне қарап жоспарлаңыз

"Гинекологқа баратын қолайлы уақытты таңдаған жөн. Негізі етеккір аяқталғаннан кейін 5-10 күннен соң қаралған жақсы", - дейді гинеколог Вероника Гаврилова.

Гинекологқа барар алдында жыныстық қатынасқа түспеңіз

"Дәрігерге қаралуға барар алдында 2-3 күн жыныстық қатынасқа түспеген дұрыс", - деп ескертті гинеколог.

Гинекологқа барарда қынаптық дәрілер салмаңыз

Қынаптық дәріні дәрігерге қаралуға келер алдында 1 күн бұрын қолдануға болмайды.

"Ішіп жүрген дәрілеріңізді тоқтатудың қажеті жоқ, бірақ қынаптық дәрі салуды ұсынбаймыз, себебі ол анализдер нәтижесіне әсер етуі мүмкін", - дейді дәрігер.

Оқи отырыңыз: Қыз балаға етеккір жайлы қашан және қалай айту керек? Психолог кеңесі

А. Жапатова