"Сіз де Дариға секілді кино түсіресіз бе?" Нұргүл Мыңғатова өзіне жиі қойылатын сұраққа жауап берді

"Сіз де Дариға секілді кино түсіресіз бе?" Нұргүл Мыңғатова өзіне жиі қойылатын сұраққа жауап берді
Фото: instagram.com/nurgul.myngatova

Актриса, көпке "Балқия" кейіпкерімен танылған Нұргүл Мыңғатова "Оян!" бағдарламасына берген сұхбатында фильм түсіруге қатысты пікірін білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Оның айтуынша, әзірге фильм түсіремін деген ойы жоқ.

"Бұл сұрақты мағана соңғы кезде көп қояды. Оның себебі, әріптесім, фильмдегі абысыным Дариға Бадықованың кино түсіруі деп ойлаймын, "сіз де Дариға секілді кино түсіресіз бе" деген сұрақ жиі қойылады. Шынымды айтсам, қазіргі уақытта менде мұндай ой жоқ, әзірге түсірмеймін, бірақ түсемін. Мүмкін болашақта шабыт пен жақсы идея келіп, қаржы жағынан да демеуші табылып, ешқандай мәселе болмаған жағдайда, түсіремін, өйткені фильм түсіргеннен кейін сапалы, айтары бар болуы керек деп ойлаймын. Сондықтан, қазір түсіремін деп құлшынып тұрғаным жоқ", - деп жауап берді Нұргүл Мыңғатова. 

Сонымен қатар, актриса болашаққа жоспары туралы айтты.

"Алла қаласа, ұсыныстар бар, бірақ әзірге айта алмаймын, себебі ойланып жатырмын. Қазір мен экран алдына өзгеше кейіпте шыққым келеді, мысалы, жағымсыз кейіпкердің рөлі, әркеси немесе жауынгер. Көпшілік Балқияның рөліне үйреніп қалған ғой, сізді жағымсыз рөлде қабылдай алмаймыз, сізге жараспайды деп жатады. Бірақ мен актриса болғандықтан, әртүрлі кейіпкерді сомдауым керек", - дейді ол.

Тағы да оқи отырыңыздар: Жер сілкіністері неліктен көбіне түнде болады?

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Б. Жұмаділлә