Бас киімді сәнді кию

Бас киімді сәнді кию

Қысқы күндер суықпен қоса, бізге сәнді тәжірибелер жасауға мүмкіндік береді. Бас киім - тек суықтан қорғаныс қана емес, сонымен қатар сәнді аксессуар. Тек оны дұрыс кие білу керек.

Кез келген тоқылған бас киім шаштың бір бөлігін сыртқа шығарып кигенде әдемі көрінеді. Кекіліңіз болса, оны бір жаққа тарап жатқызыңыз. Ұзындығы орташа шашты жайып, үстінен бас киім кисеңіз болады. Ал шашыңыз ұзын болса, оны өріп, не шетінен буа салыңыз.

Қалпақ таңдаған аруларға нәзік, жұмсақ шаш сәндері жарасады. Жұмсақ толқындар, жіберілген шаш, нәзік буылған шаш сәндері дәл сізге келеді.

Тоқылған қалың жиек шаштары қысқа қыздарға ерекше жарасады. Шашты өріп те кисеңіз болады.

Нағыз ханым болып көрінгіңіз келсе, "шабандоз" қалпағын киіп көріңіз. Бұндай бас киіммен шашты буған не өрген жөн.

Құлақшын бас киімдері шаштары ұзын қыздарға жарасады. Шашты жіберіп киген жөн.

Дайындаған: Сания Аринова

Суреттер: refinery29.com

С. А