Оқи отырыңыз

Өзі білмесе де елге ақыл айту – қазақтың қасиетті өнері.

Автор: Оралхан Бөкей

— Редактор бағаны —

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Бойжеткен / Сән / Сәннен қалмаңыз

Сәннен қалмаңыз

Сәннен қалмаңыз

Заманға сай боламын десеңіз, мына заттардың сізде болғаны дұрыс.

1. Джинсы шалбары - 2 дана. Біреуі ашық түсті болса, екіншісі көк-қара. Бастысы, сізге жарасып, аяғыңызды ұзын, арық қылып көрсететуі керек. Джинсы сатып алғанда, үнемдемей, жақсысын алғаныңыз абзал. 

2. Ақ және қара түсті майка. Барлық сәнді брендтердің топтамаларында көрініс тапқан, арзаны да, қымбаты да бар. Майка таңдағанда, берік матадан тігілгенін, және эластан қосылғанын алғаныңыз жөн. Олар төзімді әрі денеде жақсы көрінеді. 

3. Тоқ сары немесе қара түсті орташа өкшесі бар "қайықша" туфлиі. Мейлі сізде аяқ киімнің 500 жұбы болсын, бірақ, осы екеуі ыңғайлы, сапалы және қымбат болуы тиіс. Олар әмбебап, сәннен де ешқашан шықпайды. Сондай-ақ орташа өкшедегі бұл ыңғайлы аяқ киім  сіздің сүйікті бұйымдарыңызға айналары сөзсіз. 

4. Қарындаш-белдемше. Бұл белдемше бәріне жарасады, сізде де болуы тиіс! Ол беліңізді арық қылып көрсетіп, бойыңызды ұзартады. 

5. Шалбар, костюм. Ашық түсті болса да, болады. Өте ыңғайлы, іскерлік кездесулерге де киіп баруға болады. Шашыңызды жіберіп, кереғар түсті майка таңдасаңыз, нағыз сұлу атанасыз! Пиджагын бөлек басқа шалбармен не джинсымен кисеңіз де болады. Шалбарды бөлек айқын түсті майкалармен (мысалға, теңіз стиліндегі жолақ майкамен) киіңіз.

6. Қара, үлкен сөмке. Артық ештеңе айтудың да қажеті жоқ. Тек табиғи былғарыдан тігілгенін таңдаңыз.

7. Кішкентай қара көйлек. Әлде...қызыл. Немесе көк, ақ... Бастысы сізге қатты жарасуы керек. Оны пиджак не шәлілермен кисеңіз болады. Аяғыңызға ашық аяқ киім, балетка не туфли киіңіз.

8. Көп әдемі іш-киім. Қызықты суреттер бейнеленген спорттық, не нәзік әрі өте тартымды болсын...

9. Ұсақ-түйектер. Косметика салатын сөмке, әмиян, кілт салатын дорба, күнделік, қалам және т.б. 

Форумда талқылау.

Сурет fashiongu.ru сайтынан алынды.

8458 10
Рейтинг: +0

Дайындаған: Сания А
Қосылған күні: 22 ақпан 2012, 20:00
Пікірлер
+0
23 ақпан 2012, 00:15

Басқасын айтпағанда джинсы шалбар бәрінде бар сияқты ))

+0
23 ақпан 2012, 10:54

Ей қазақ қыздары! Біздің салтымыз, мақсатымыз басқа! Шет ел киімдеріне еліктемеңдер!

+0
23 ақпан 2012, 11:29

ал менің сөремде бірде-бір шалбар жоқ екен.кие алмай қалдым шалбар атаулыны

+0
23 ақпан 2012, 14:11

7 тармақшадағы кеңес ұнады!

+0
24 ақпан 2012, 09:13

Мини юбканы не қыласыз? Әдепсіздердің киімі деп білемін! Кішкене де болса қазақ қыздары әдепті болса екен!

+0
23 ақпан 2012, 15:08

Дүкен аралап келу керек.

+0
24 ақпан 2012, 15:49

Казактын оюлы киімдерине катты кызыгамын.

+0
24 ақпан 2012, 15:53

Казактын оюлы орнектелген киімдерін кеңінен шыгарса екен.

+0
27 ақпан 2012, 17:18

Қарындаш-белдемше дегенди тусинбедим(ол не нарсе?

+0
20 шілде 2012, 10:49

Қарындаш-белдемше деген юбка-карандаш. Юбканың қазақшасы белдемше. Бұның пішіні тік және тар, болып келетін, мүсінді толықтай ашып тұратын, ұзындығы тізеге дейін жететін белдемше. (плюс/ минус 5 сантиметр).

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...