Подиумда — егіздер: Миланда ерекше сән көрсетілімі өтті

Кеше Миланда Gucci жаңа топтамасының көрсетілімі өтті. Алессандро Микеле, әдеттегідей, оны ауқымды әрі есте қаларлықтай өткізуге тырысты.

Сән көрсетілімі шынымен де ерекше болды. Модель ретінде егіздер шықты. Барлығы — 67 жұп. Бұл кездейсоқ таңдалған идея емес. Бұл маусымды дизайнер анасы —  Эральдаға және оның сыңары — Джулианаға арнады.

Дизайнер топтама жазбасында былай дейді: «Менің екі анам болды: Эральда және Джулиана. Бір-бірін толықтырған екі ерекше әйел.»