Қандай принттер үлкейтіп көрсетеді?

Қандай принттер үлкейтіп көрсетеді?
Фото: pinterest.ru

Жаздың келуімен ашық түсті және бояулы принттері бар киімдер кигің келеді. Дизайнерлер принттердің түр-түрін ұсынады, алайда олардың кейбіреулері сізге келмеуі мүмкін. Ендеше, қандай принттер үлкейтіп көрсетеді?

Гүлді принт

Жазда гүлді принтті көйлектерден, топтардан және сарафандардан кездестіруге болады. Киімдердергі ірі гүлдерден аулақ болыңыз. Сондай-ақ гүлдердің түрлі құстармен және көбелектермен араласқан суреті бар киімдерді де алмаған жөн. 

Оның орнына ұсақ гүлдері бар киімдерге мән беріңіз.

Бұршақ принті

Бұршақ принтімен де абай болу керек, себебі ол киім үлгісіне ретро әсер береді. Егер бұршақ принтін таңдап қойған болсаңыз, киім сұлбасы мен пішімі өзекті болуын қадағалаңыз.

Киім үлгісінде ретро әсер болмас үшін бұршақ принті бар көйлек емес, бұршақ принті бар джинс шалбар немесе белдемше таңдаңыз.

Жануар принті

Жануар принті — әдемі әрі стильді принт. Оған қоса, ол мерзімнен мерзімге сәнге оралуда. Бірақ дүкендерден бұл принтті сәтсіз қолданған киімдерді жиі кездестіруге болады.

Егер «қабылан», «жылан» немесе «зебра» принтін өз киім үлгіңізге қосқыңыз келсе, сол принттегі аяқ киім, сөмке немесе басқа да аксессуарларды алған жөн. Сол кезде ол киім үлігіңіздегі ашық және қауіпсіз акцент бола алады.

Пейсли (шығыс қияры) принті

Бұл принт өте қызықты болғанымен, өкінішке орай, дүкендерде оны қолданған дұрыс емес үлгідегі киімдер көп. Сондықтан көпшілік бұл суретті жасы ұлғайған әйелдермен байланыстырады.

Бұл принтті трендті нәрсемен ауыстырыңыз. Мысалы, 2022 жылдың трендтерінің бірі — теңіз тақырыбы. Оған жолақты принттер мен торлы киімдер жатады.

Барлық мүмкін жазулар

Киімдегі ретсіз және орынсыз толған жазулардан аулақ болған жөн. Ол қазір өзекті емес. Егер қандай да бір топты жақсы көрсеңіз, онда олардың атауы жазылған футболка таңдап, оны күнделікті басқа киімдермен үйлестіруге болады. Қазір картиналар бөлігі бар принттер трендке айналды. Егер заманауи өнерді жақсы көрсеңіз, ретсіз жазулардың орнына осындай суреттер таңдаңыз. Солай сіз өзіңіздің даралығыңызды айқындай аласыз.

А. Жапатова