Көктемде жылы жилетті немен киеміз?

Көктемде жылы жилетті немен киеміз?
Фото: pinterest.ru

Жылы жилет маусымдық гардеробтың базалық киіміне айналып үлгерді. Үрілген жилетпен киім үлгілерін түрлі стилистикада толықтыруға болады. Ақпанның соңында және наурыз айында қажет болатын бірнеше идея ұсынамыз.

1. Жилетті костюмнің сыртынан кию

Үрілген жилетті стильді етіп киюдің бір әдісі — оны шалбарлы костюмнің сыртынан кию. Бұл арқылы классикалық киім үлгісін жылы және қызықты ете аласыз. Мұндай етіп киюге белінде байлайтын белдігі бар немесе қысқа жилеттер жақсы келеді.

2. Жилетті спорттық киімнің сыртынан кию

Жилетті үйлестірудің қарапайым әрі ыңғайлы әдісі — оны көпқабатты кэжуал киім үлгісіне қосу. Мұндай киім үлгісі күнделікті серуендеуге өте ыңғайлы болады.

3. Жилетті жеңіл күрткенің немесе плащтың ішінен кию

Ақпанның соңында немесе наурыздың басында күн әлі де суық болып тұрады. Алайда осы кезден бастап жеңіл сыртқы киімдеріңізді кигіңіз келсе, жилетті пайдаланып, көпқабатты киім үлгісін жасауға болады. Мысалы, жұқа плащтың ішінен сырып тігілген жилет киіп алыңыз. Мұндай үйлесім тоңдырмайды әрі стильді көрінеді.

4. Жилетті киім үлгісінің басымды элементі ету

Егер сізде ерекше түсті немесе ашық деталі бар жилет болса, оны киім үлгісін айқындайтын элемент ретінде пайдалана аласыз. Жилеттер джинс шалбармен, миди белдемшемен және трикотаж көйлекпен жараса береді.

А. Жапатова