Қыста сәнде болатын бас киімдер

Қыста сәнде болатын бас киімдер
Фото: pinterest.ru

Қысқы гардеробта аксессуарлар маңызды рөл атқарады. Олар жылы киім үлгіңізді бірден өзгертіп жібере алады. Осы қыстың сәнді әрі ерекше бас киімдерін ұсынамыз.

                                   

Капор
90-жылдардағы капор қазір кәдімгідей өзгерді. Ол ыңғайлырақ бола түсті және түрлі текстурада шығарыла бастады. Алайда, бір нәрсе өзгеріссіз қалды: бұл аксессуар өзінің нәзіктігін жоғалтқан жоқ. Капорды кез келген сыртқы киіммен киюге болады. Алайда, дизайнерлер оны көрпе-күрткемен үйлестіруді ұсынады.

                                   

Балаклава
Балаклава мен капор бір-біріне қатты ұқсайтындықтан, оны көпшілік шатастырады. Капор бос тұрады, сондықтан да шаш үлгісін сақтауға көмектеседі. Ал балаклава басқа қатты жабысып тұрады. Балаклаваны жасанды теріден жасалған көлемді тонмен кию ұсынылады.

                                   

Үшкіл орамал
Қысқы киім үлгіңізде Одри Хепберннің белгілі аксессуарын пайдалануға болады. Мұндай орамалды денеге жабысып тұратын пальтомен немесе тондармен үйлестіруге болады.

                                   

Панама
Панамалар жылдың қай мезгілін де болмасын сәнде келе жатыр. Қыста тері панамалар трендте болады.

А. Жапатова