Тренд: жазға арналған маникюр

Тренд: жазға арналған маникюр

Тырнаққа арналған түрлі суреттер мен жылтырақтар өткен жылдың еншісінде қаалады. Биылғы жаздың трендті маникюрлері өзінің минимализм стилімен ерекше көзге түседі. Егер сәнді әрі жинақы стильді ұнатсаңыз биылғы жаз сіздің есіңізде ұзаққа сақталатыны анық. Назарларыңызға жазға арналған маникюрлер топтамасын ұсынамыз.

Минимализм

Биыл жазда тырнаққа жабысқан жылтырақтар мен салынған суреттер сәннен шығады. Оның орнына жылы реңкті бояу мен тырнаққа сән беретін сызықтар мен белгілерді таңдасаңыз болады. Бұл маникюрді жасау уақытыңызды үнемдейді және кез келген образбен үйлеседі. 

Абстракты пішіндер

Арнайы дизайнсыз жай ғана бояу сіз үшін іш пыстыратын және сәнсіз көрінетін болса, онда биыл жазда абстаркты пішіндерді пайдаланғаныңыз жөн. Түрлі жарты шеңбер, ерекше пішіндер және олардың түрлі түсті болуы тырнағыңыздағы маникюрді одан әрі сәнді ете түсетіні сөзсіз.  

Түсті френч

Бірнеше жыл бұрын классикалық "той" стиліндегі френч өте сәнді болатын. Қолға нәзіктік сыйлайтын ақ және түссіз баяу үйлесімділігі енді жаңа бағытта дамиды. Түсті френч жаздық көңіл күй сыйлайды.

Жұмсақ бояу реңктері

Жұмсақ бояу реңктері енді маникюрде де қолданылатын болады: қанық қызыл, көк, қара, жасыл не сары түстерге қарағанда қызғылт, күлгін, ашық жасыл түстер сұранысқа ие. 

Гүлді дизайн

Гүлдер мен жапырақтар тырнақ үлгісіне нәзіктік сыйлап қана қоймай, ерекшелендіріп тұрады. Тек суреттерді минимализм стилін пайдаланып отырып, салуды ұмытпаңыз.