Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Экс-бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Бойжеткен / Сән / Жемпірді қалай таңдаймыз?

Жемпірді қалай таңдаймыз?

Жемпірді қалай таңдаймыз?

Суық мезгілге аяқ басқанда жылы жемпір гардеробтың басты киіміне айналады. Созылып не түтіліп кетпей, ұзақ жылдар бойы киюге болатын жемпірді қалай таңдау керек?

Жемпірдің құрамы қандай болуы керек?

Жемпірдің құрамында табиғи заттар басым келгенімен, ол жемпірді кигенде ыңғайлы болатынына кепілдік бермейді. Жүн әртүрлі болады: ол "тікенек" сияқты денеге қадалуы немесе терімен байланысқан кезде аллергия шақыруы мүмкін. Мақта қатты және ауыр болуы мүмкін. Вискоза өте қатты созылуы мүмкін. Бұл табиғи жіптерден бас тарту керек деген сөз емес, алайда төмендегі қасиеттерге баса мән беру керек:

- Жүн өте жұмсақ әрі үлпілдек болуы керек;
- Мақтаның жіңішке әрі жеңіл түрін таңдау қажет;
- Вискозаның басқа табиғи жіптермен (мақта немесе зығыр) бірге қолданған түріне мән беру керек;
- Кашемирден жасалған үлгілерге назар аудару қажет.

Араласқан материалдар табиғи және синтетикалық жіптерден тұрады: өндірушілер жиі қолданатын құрам – ол жүн мен акрилді 50/50 үлесте қолдану. Мұндай жіп табиғи көрінеді, алайда оны кигеннен тершең бола түсесіз. Бірақ ол арзан тұратындықтан өндірушілер осы құрамды қолданғанды жөн көреді.

Синтетикалық жіпті аз пайыздық мөлшерде қолданатын кездер де болады. Мысалы, мохер жібі ешқашан 100% табиғи болмайды. Мохермен бірге акрил немесе полиамед жүреді. Олар мохердің сырғанақ талшықтарын ұстап тұруға көмектеседі.

Денеге жағымды әрі ең жұмсақ табиғи материал – кашемир: ол тау ешкілерінің түбітінен өндірілетін жіптерден жасалады. Кашемирден жасалған свитерлер мен жемпірлер өте қымбат болғанымен олар сізге ұзақ қызмет етеді.

Табиғи жіптерден ғана тоқылған жақсы жемпірлерді барлығының бірдей қалтасы көтермейді. Сондықтан араласқан материалдан тұратын жемпір аларда оның құрамын зерттеңіз: ондағы табиғи жіптердің пайыздық мөлшері синтетикалықтан көбірек болуына мән беріңіз.

Джейн Биркин, 1964 жыл

Жемпір сәннен шығып кетпес үшін оның қандай түрін таңдау керек?

Егер жемпірді гардеробыңыздағы инвестиция ретінде қарастырсақ, ол сәннен шығып кетпес үшін оның түсі базалық, ал өрнектері мен суреті классикалық түрін таңдаңыз. Мысалы, сарғыш (бежевый) түсті жемпір Burberry тренчі секілді ешқашан сәннен шықпайды.

Сәннен шықпайтын 7 киім

Мэрилин Монро, 1960 жыл

Жемпірге қалай күтім жасау керек?

Жемпірге күтім жасау кезінде үнемі затбелгісіндегі нұсқаулығын оқыңыз. Себебі барлық трикотажды бірдей кір жуғыш машинада, тіпті, "Жүн" режимінде жууға болмайды. Кір жуғыш машинада жұқа трикотаж, мысалы, водолазкаларды жууға болады. Ал қалың жіптен тоқылған көлемді жемпірлерді қолмен жуған абзал.

Мұндай жемпірлерді 30 градустан жоғары емес температурадағы суға кір жуу құралдарын қоса бір шайып алып, қатты күш салып сықпай, міндетті түрде көлденең кептіру керек. Жемпірді кептіру үшін тігінен ілмеңіз: киім түбіне жиналып қалған су оны ауырлатып, жемпірдің созылып кетуіне себеп болады.

Жемпірді қалай сақтау керек?

Егер мүмкіндік болса, жемпірлерді ілмей, сөреге жинап қойған жөн. Әйтпесе, жемпір созылып кетуі мүмкін: ол өндірушінің қолданған жібінің түріне байланысты созылуы да, созылмауы да мүмкін.

Жемпірлерді түк жинамайтын текстурасы тегіс киімдермен бірге жинаған дұрыс. Мысалы: былғары, жібек, деним және т.б. Ал костюмді матадан немесе күдеріден тігілген киімдерді жемпірлерден ары ұстаңыз. Әйтпесе, оларды жүннен тазарта алмай қиналасыз.

0
Рейтинг: +2

Дайындаған: Ақтоты Жапатова
Фото: pinterest.com
Қосылған күні: 11 қараша, 11:50

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.