Сәннен шықпайтын 7 киім

Сәннен шықпайтын 7 киім
Фото: ELLE.ua

Уақытқа бағынбайтын киімдер бар. Ақшаңызды қиып алуға болатын және әзір сәннен шықпайтын киімдер тізімін ұсынамыз.

Тік джинс шалбары

Тік джинс шалбар – кез келген базалық гардеробтың міндетті элементі. Осы жерден оның әмбебаптылығын, ыңғайлылығын және мұндай үлгінің кең таралғандығын байқауға болады. Оны үйлестірудің көп әдісі бар. Онымен кеңсеге арналған смарт-кэжуал жинағын, свитермен үйлестірілген күнделіктіге арналған киім үлгісін, пайеткасы бар топпен үйлестірілген мерекелік кешке арналған киім үлгісін жасауға болады.

Көлемді свитер

Қарапайым тік пішімді свитер іш пыстырарлық болуы мүмкін, ал оверсайз свитерді бірден ұнатып қаласыз. Көлемді свитер кез келген мезгілдің салқын кешінде құтқарады. Қазіргі кезде мұндай свитерді классикалық шалбармен және миди қарындаш белдемшесімен үйлестіру сәнде.

Торлы блейзер (пиджак)

Бұл киім толықтай классикаға жатады. Мұндай торлы және тік пішімді пиджакпен іскерлік киім үлгісін жасау оңайға соғады. Сонымен қатар, оны футболка, водолазка немесе жейденің сыртынан кие аласыз. Ол джинс шалбарымен де жақсы үйлесім табады. Ол бірнеше мерзім қатарынан сәнде келе жатыр және дизайнерлер оның әзір сәннен шықпайтынына сенімді.

Тренч

Одри Хепберн кинода да, өмірде де тренч киіп көрінді. Одан бері оның үлгісінде айтарлықтай өзгерістер болған жоқ. Әрине, батыл тәжірибелер болды. Мысалы, металл матадан, жылтыр теріден және ғарыштық түстегі түрлері ұсынылды. Алайда әлі күнге дейін өзінің танымалдылығын жоғалтпаған сарғыш түсті, классикалық пішімді және тізеге дейінгі ұзындықтағы тренч болып отыр.

Сamel пальтосы

Сamel пальтосының тарихы 70-жылдардан басталады. Ең бірінші рет бұл пальтоны киген модельдерді Max Mara бренді шығарды. Екі жағынан бірдей қаусырмалы пальто өз танымалдылығын жоғалтқан емес. Ол биылғы күз-қыс топтамаларынан да кездесті.  Мұндай пальтоны кез келген аяқ киіммен үйлестіруге болады.

Тоқылған көйлек

Тоқылған көйлектің түрлері көп. Біртүсті, тік пішімді, классикалық жеңді және мойны бар тоқылған көйлек таңдасаңыз, оны әлі бірнеше жыл қатарынан кие аласыз.

Келли сөмкесі

Монако ханшайымы Грейс Келлидің камера алдында Hermes брендінің сөмкесімен жиі көрінуі, оның көпшіліктің сүйікті сөмкесіне айналуына себепші болды. Бұл сөмкенің басты құраушылары – айқын пішін, сенімді ұстағыш және иыққа асатын белдігі.  Ол бастапқыда тек классикалық үлгіге жатқызылса, қазір бойжеткендер оны кэжуал стилінде де үйлестіре береді.

А. Жапатова