Оқи отырыңыз

Өзі білмесе де елге ақыл айту – қазақтың қасиетті өнері.

Автор: Оралхан Бөкей

— Редактор бағаны —

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Бойжеткен / Сән / Сәнді киініңіз

Сәнді киініңіз

Сәнді киініңіз

Далада қыстың соңғы аяздары болса да, жүрегімізде баяғыда-ақ көктем таңы атып үлгерді. Осы ойнақы көңіл-күйді киіміңізде көрсетсеңіз болады. Әрине, жұқа көйлек пен ашық киімдер киюге ауа-райы мұрша бермесе де, әр киім үлгісінде жылулық пен көктемнің демін көрсетсеңіз болады.
Мойындайықшы, көбінесе біз бір жаңа киім алып, соны сабаққа да, жұмысқа да, қонаққа да киіп тоздырамыз. Алайда, киім сөрелеріңізде талай жақсы киім үлгілері баршылық болар. Соларды орынды қолданып, сондай-ақ келесіде шоппинг істегенде біздің мына кеңестерімізге құлақ ассаңыз, сәнді ару атанарыңызға еш күмән жоқ!

Сауық кешіне барсаңыз
Сауық кештерінде адамдар өзін көрсетіп, басқаларға қарайды. Одан қалса, билеп қайтады. Сәнді жейде мен белдемше - ең дұрыс шешім. Жылтырақ аксессуарлар мен биік өкшедегі аяқ-киім мерекелік көңіл-күй берсе, кішкентай қол сөмкесі билегенде бөгет болмайды. 
                                                                                                                                             
Мейрамханаға барсаңыз
Мейрамханадағы кездесулер жиі болып тұрады. Сондықтан, келесіде мейрамханаға барғанда үйреншікті сүйкімді көйлек пен жіберілген шаш орнына шалбар костюмін киіп, шашыңызды артқа түйіңіз. Жылтыр майка бейнеңізді салтанатты етіп көрсетеді. Таңдандыра біліңіз!
                                                                                                                                                   
Шоппингке барсаңыз
Қыздармен кездесіп, дүкендерді аралағанға не жетсін? Қазіргі суықта тоңбау үшін манто кигеніңіз дұрыс болады. Сондай-ақ, сәнді көріну үшін қалпақ киіп, ботфорт етіктерін таңдаңыз. Ғалымдар дәлелдегендей жігіттер сәнді киімді бағалай алмайды, сондықтан, осындай киім үлгісін құрбыларыңызбен бірге қыдырғанда киген дұрыс.

Сүйіктіңізбен серуенге барсаңыз
Ауа-райы минустан шығар емес. Сүйіктіңізбен серуенге барғанда тоңып қалмаңыз. Ғашығыңыз бұған жол бермеуге тырысары анық, сонда да қалың әрі сәнді киінгеніңіз дұрыс. Көпқабатты киім  осы жағдайға мінсіз келеді. Платформадағы етік сізді ұзақ жолдан шаршата қоймас.

Сізге осы киімнің қайсысы жарасар еді? Форумда талқылайық.

Суреттер woman.ru сайтынан алынды.

13724 14
Рейтинг: +0

Дайындаған: Сания А
Қосылған күні: 10 ақпан 2012, 18:00
Пікірлер
+0
10 ақпан 2012, 18:19

Ғалымдар дәлелдегендей жігіттер сәнді киімді бағалай алмайды. Өте дұрыс )

+0
11 ақпан 2012, 14:05

Қалай бағалай алмайды? Ұсақ-түйектерді байқап отырам

+0
10 ақпан 2012, 18:31

Иә, құрбыларымыз ұсақ-түйектің бәрі байқайды ғой! Солардан айналайын

+0
23 ақпан 2012, 09:24

Мен сияқты ою-өрнегі бар киім немесе шапан киіп жүріңдер! Патриот болсаңдар әрине?

+0
10 ақпан 2012, 18:54

Өте жақсы кеңестер екен!!

+0
10 ақпан 2012, 20:15

Фигура анадай болса кез-келген киім жараса кетеді ғой. :)

+0
23 ақпан 2012, 09:23

Сіз шамалы толықтау сияқтысыз?

+0
23 ақпан 2012, 11:25

Жоқ, шидей арықпын.

+0
10 ақпан 2012, 21:20

Майкл Корсқа респект, айбыыы,мен қашан сол брендтен киінемін,а?!

+0
23 ақпан 2012, 09:25

Қазақы киінудің орнына! Шет елге еліктей бересіңдер! Қашан адам боласыңдар а?

+0
26 наурыз 2012, 21:31

ееемаа фигуураам сондай болсагой))кушти

+0
31 наурыз 2012, 16:52

Шынымды айтсам... Мына киімдердің ешқайсысы да ұнап тұрған жоқ :)

+0
31 наурыз 2012, 16:53

бірақ топылый адемі екен :D

+0
31 наурыз 2012, 20:25

Ең бірінші суреттегі рубашка мен туфли әдемі екен...

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...