Жазғы тренд: сабан tote bag

Биылғы жаз мезгілінің негізгі аксессуары, тренді – сабаннан тоқылған сөмке. 

Ең сәнді бұйымға айналған tote bag қазіргі уақытта кез келген қалыпта шығарылып жатыр. Бұрын-соңды тек жағажайда ғана пайдаланылатын сөмкені енді барлық жұлдыз ұстап жүр. Оның қай түрін сатып алған жөн дейтіні жоқ. Бәрі сәнде. Мысалы: толықтай және жартылай сабаннан тоқылғандары да, мата, былғары, моншақ, шашақпен әрленгендері де, үлкендері де, шағын түрлері де, бәрі-бәрі сәнді.

Дизайнерлер өткен сән апталықтарында түрлі әдіспен тоқылған, түрлі қалыптағы сөмкелер түрлерін ұсынды. Оларды төмендегі суреттерден тамашалай аласыздар. Жалпы, сабаннан тоқылған сөмкенің қайсы нұсқасын аламын десеңіз де қателеспейсіз.