Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Экс-бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Бойжеткен / Сән / Күнделікті киюге болатын "жағажай" киімдері

Күнделікті киюге болатын "жағажай" киімдері

Күнделікті киюге болатын

Соңғы кездері атақтыларды бір қарағанда күнделікті киім үлгісіне сай емес киім киетінін жиі көруге болады. Бұрын жағажайға не сапарларға киілетін киімдер күнделікті гардеробқа көшіп кетті. "Курорттық" киімдерге деген трендті көпшіліктің назарында жүрген Кендалл Дженнер, Белла Хадид, Эльза Хоск және басқа да сәнқойлардың стилінен байқауға болады. Ендеше, күнделіктіге киюге болатын "жағажайлық" киімдерді ұсынамыз.

Панама

1960-жылдарға дейін ұзақ уақыт ер адамның далаға бас киімсіз шығуы әдепсіздік болып саналып келді. Сондықтан бұл этикет талабы арқылы ерлердің даралығын көрсету мақсатында сәнге түрлі қалпақтар, соның ішінде панамалар да келе бастады. Осы уақытқа дейін оны көбінесе ер адамдар және тек жағажайға немесе сапарға шыққанда киетін. Ал биыл дизайнерлер панаманы күнделікті киім үлгісіне қосуды ұсынып, әйелдерге үйлесімді әрі сәнді түрлерін жиі шығаруда. Бірақ панамаға деген биылғы трендке дейін біраз жыл бұрын оның ыңғайлығын әнші Рианна байқап, ол оның киім үлгісінің сүйікті аксессуарына айналды.

Вьетнамдық тәпішке

Вьетнамдық тәпішке – аяқтың екі саусағының (бас пен сұқ) арасына киілетін бауы бар аяқ киім. Ол Жапония, Қытай, Вьетнам секілді шығыс-азиялық елдердің дәстүрлі аяқ киіміне жатады. Оны ерлер де, әйелдер де киеді. Вьетнамдық тәпішкені негізі шұлықсыз киеді, бірақ жапон костюміндегі вьетнамдық дзори деп аталатын дәстүрлі аяқ киімін шұлықпен киеді. Бұл аяқ киімді көбінесе жағажайға немесе бассейнге киетін, ал қазір ол көше сәніне де кіреді. Мысалы, атақты модель Кендалл Дженнер осындай аяқ киімде жиі көрінеді. Егер жаз мезігіліне вьетнамдық тәпішке алғыңыз келсе, оның тек сапалы түрін таңдаңыз. Себебі, мұндай аяқ киімнің сапасыз түрі денсаулыққа зиян. 

Сабан сөмке

Сабан сөмке – 2019 жылдың хиты. Оны қазір барлық жұлдыздардан және кез келген сәнқойлардан кездестіруге болады. Сабан сөмкені де бұрын тек жағажайға ұстайтын және оның пішіні көлемді болатын. Мысалы, суреттен 1974 жылы Канн жағалауында қолында сабан сөмкесі бар Джейн Биркинді байқауға болады. Ал қазір дизайнерлер сабан сөмкенің кез келген пішінді, әдемі әрі стильді түрлерін ұсынып отыр.

Бохо белдемше

Белге ұқыпсыз байланған жамылғы секілді бохо белдемшелерді тек жағажайға купальниктің сыртынан киюге емес, жазғы күндері кез келген топпен немесе футболкамен үйлестіруге болады. Орамал принті және бохо стилі (соның ішінде, шашақтар) трендте екенін еске түсіре кетейік. Сондықтан мұндай белдемшені күнделікті киім үлгісіне батыл қоса берсеңіз болады.

0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Ақтоты Жапатова
Фото: pinterest.com
Қосылған күні: 17 мамыр, 13:59

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.