Әлеуметтік желідегі сәнді ер азаматтар

Әлеуметтік желідегі сәнді ер азаматтар

Әлеуметтік желі кезіндегі сән журналдарының орнын алмастыратын күйге жетті. Өйткені, стильді образдарды, сән әлеміндегі жаңалықтарды, тренд пен заманауи брендтерді әлеуметтік желіден оңай табуға болады. Қыздар сұлулығымен қоса талғамымен де таңқалдыратыны анық. Дегенмен, сәнді образ қалыптастырған ер адамдар да жеткілікті.

Алессандро Скуарци
@alessandrosquarzi

Похожее изображение

Алессандро — көше сәнінің нағыз жұлдызы. Флоренция мен Милан әлдеқашан сән әлемінің шаңырағына айналып, жергілікті тұрғындар нағыз маман секілді сәннен хабардар болғанына қарамастан, Алессандроның өзіндік стилі кім-кімді де таңқалдырмай қоймайды. Әсіресе, сырт киімге үйлесімді образ таңдау оның қолынан келеді.

Димаш Әділет
@dimashadilet

Картинки по запросу димаш адилет
Бүгінде инстаграм жұлдызы болып үлгерген Димаш Әділет тек сәнді образдары мен сымбаты арқылы ғана емес, жан-жақты азамат ретінде көзге түсіп жүр. Бірнеше тіл меңгерген жігітке тамсана қарайтындар көп.

Брюс Паск
@brucepask


Әрқашан сәнді көріну үшін міндетті түрде модельдерге тән бейне болуы шарт емес. Оны Брюс дәлелдейді. Оның образдары саяхат пен серуенге арналған: еркін әрі талғаммен таңдалған.

Фрэнк Галлуччи
@frankgallucci

Похожее изображение

Фрэнкке табиғат сымбат пен келбет сыйлағаны сөзсіз. Дегенмен, оған атақ алып келген өзіндік талғамы мен сәнге деген қызығушылығы еді. Оның әртүрлі үлгідегі шалбарларын сән энциклопедиясына енгізуге болады.





ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Соңғы жаңалықтар

RaiM – Baila