Ақ жейдені жаңаша кию жолдары

Ақ жейдені жаңаша кию жолдары

Ақ жейде – әркез және барлық жерге кие беруге болатын базалық киімнің бірі. Ақ жейдені жаңаша кию әдістерін ұсынамыз.

1. Бір иығын ашып қойыңыз. Құрбыларыңызбен, достарыңызбен жұмыстан шығып кездесу керек болса, ақ жейдеден кешкі киім үлгісін де жасауға болады. Бар болған, алдыңғы бірнеше ілгекті ағытып, жейденің бір жақ иығын түсіріп қойыңыз. Сонымен қатар, дүкендерде арнайы иығы ашық тігілген ақ жейделер де бар.

2. Оның кішкене бір бөлігін ғана шалбардың немесе белдемшенің ішіне салыңыз. Киімдегі қатаңдық артқа қалып барады, қазір шамалы "ұқыпсыздықтың" болуы қалыпты жағдай. Сән көрсетілімдерінен "ұқыпсыздық" үлгісін киімнен де, шаш үлгісінен де байқауға болады. Сондықтан, жейдені толықтай сыртқа шығарудың немесе ішке салып тастаудың орнына суреттегідей, бір бөлігін ғана ішке салып көріңіз.

3. Жейде жеңіндегі ілгекті тақпай көріңіз. Егер сізде ерлер жейдесіне ұқсас ақ жейде бар болса, оның жеңіндегі ілгекті тақпай киіп көріңіз. Оның үстіне биыл әдеттен де ұзын тұратын жеңді киімдер сәнге айналған болатын. Егер ақ жейденің жеңі ұзын болса, ештеңе етпейді.

Тренд: Орамал принті

4. Егер ұзын ақ жейде болса, оны көйлек ретінде киюге болады. Бірақ бұл әдіс бойы қысқа қыздарға жақсырақ жарасады. Бұл кезде белін қысып белдік тағып алсаңыз, әдемі көрінеді.

5. Бірнеше жейде қатар киіңіз. Подиумдарда көпқабаттылық жиілеп кетті. Әртүрлі бірнеше киімді қабаттап кию – жаңалық емес, ал Balenciaga мен Sacai бірден бірнеше жейдені киюді ұсынды. Әрине, бұл әдіс қатаң дресс-код қойылған кеңселерге келмейді, бірақ күнделікті  casual түрінде киюге болады. Мысалы, бір жейдені киіп алсаңыз, басқасын белге байлауға болады.

6. Ақ жейдені водолазканың сыртынан киіңіз. Бұл үйлесім 1970 жылдардан сәнге қайта оралды. Ақ жейденің ішінен кез келген түсті водолазка кие аласыз.

Әпкелі-сіңлілі Хадидтер туралы 10 дерек

7. Ақ жейдені жеңіл сыртқы киім ретінде киіңіз. Жейденің ішінен топ киіп, алдыңғы ілгектерін жаппай киіңіз.


ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Соңғы жаңалықтар