- Негізгі бет
- Сән
- Киім үлгісіне ерекшелік...
Киім үлгісіне ерекшелік сыйлайтын 3 аксессуар
Гардеробыңыздағы заттардың көпшілігі өзін толықтай көрсетпейді, себебі сіз оларды екі-үш үйреншікті үйлесімде киіп, оларға әдетте тағып жүрген аксессуарды автоматты түрде таңдайсыз. Сондықтан киімдерден жылдам жалығып, киетін киім жоқ деп ойлайсыз. Қарапайым үш аксессуармен киім үлгісін ерекшелеудің әдістерін ұсынамыз.
1. Сәнді түйреуіш (брошь)
Адамдардың көпшілігі бұл әшекейді ескі сәндік аксессуар ретінде қабылдайды. Алайда дұрыс таңдалған түйреуіш кез келген киім үлгісін безендіре алады.
Түйреуішті бас киімге тағу
Түйреуіш қалпақты, тоқылған бас киімді, беретті және байлауышты безендіре алады. Бас киімдегі сәнді түйреуіш әрқашан ерекше көрінеді. Ол бас киімге әдемі екпін беруі үшін оның шағын өлшемді түрін таңдаған жөн.
Түйреуішті жакетке тағу
Пенжек немесе жакет қайырмасына бекітілген түйреуіш – әрдайым стильді әрі әдемі көрінетін классика. Сонымен қатар, жейде жағасына тағылған жинақы түйреуіш те нәзік көрінеді.
Түйреуішті орамалға тағу
Қарапайым орамалға түйреуіш тағу арқылы көзіңізді сәтті айқындай аласыз. Шағын өлшемдегі түйреуіш таңдау керек. Түйреуіш тағылған тюрбан кешкі киім үлгісіне арналған керемет қосымша болып табылады.
Түйреуішті сөмкеге тағу
Түйреуіш кез келген сөмкеге салтанат сыйлай алады. Түйреуіш көмегімен ең қарапайым жинақы клатчтың өзі мерекелікке айналады.
2. Белбеу
Киімге қосымша тағылған қарапайым аксессуар киім үлгісін жаңарта алады.
Белдік пен пальто
Сыртқы киімге тағылған былғары белдік немесе шынжыр белбеу беліңізді сәтті айқындауға көмектеседі.
Белбеу және джинс жейде
Жейденің кез келген пішіндегі және ұзындықтағы түрі бола береді. Белбеу де кез келген жалпақтықтағы бола бере алады. Жейденің сыртынан белбеуді екі рет ораса да, ерекше көрінеді.
Белбеу және ұзын кардиган
Ұзын кардиганды белбеумен үйлестіру ыңғайлы әрі әмбебап болып келеді. Мұндай үлгіні өте жіңішке немесе жалпақ белбеумен үйлестіруге болады.
3. Шұлық
Иә, шұлық та сәнді бола алады. Бірнеше мерзім қатарынан шұлықты және гольфты туфлимен кию сәнге айналды. Мұндай киім үлгісі біздің ауа-райына сай келмегенмен, кей әдістерін қолданып, тәжірибе жасап көруге болады.
Гольф (немесе шұлық) пен тобықты етік (ботильоны)
Көктемде қысқа көйлекті, кюлот шалбарын немесе скинни шалбарын жылы шұлықтың сыртынан бәтеңке кию арқылы үйлестіруе болады.
Бәтеңке түсіне сай шұлық кию
Бәтеңке түсіне сай шұлық кию киім үлгісінде біртүрлі көрінбейтін қауіпсіз үйлесімге жатады.
А. Жапатова