- Негізгі бет
- Сән
- Қысқы киім таңдауға...
Қысқы киім таңдауға бірер кеңес
Қыстың келуімен гардеробыңыздан жылы әрі ыңғайлы свитерлер және жайлы сыртқы киім табылуы керек. Егер қысқы сауда жасау ойыңызда болса, бірнеше идея ұсынамыз.
«Авиатор» тоны (дубленка)
«Авиатор» тоны сізге бір өлшемге үлкен болып тұрғаны жақсы. Мұндай тонмен киім үлгіңіз жылы әрі сәнді болады. Оны жіңішке скинни джинс шалбарымен және тік пішімді шалбармен үйлестіріңіз. Алайда мұндай тон дене пішінін үлкейтіп көрсететінін ескеріңіз.
Миди белдемше
Кей адамдардың ойынша, қыста шалбарға қарағанда белдемше киген жылы болады. Белдемшенің мини ұзындықта болуы суық ауа райына сай келеді және 2017-2018 топтамасындағы ең сәнді белдемшенің біріне жатады.
Сәнді сыртқы күртке
Күрткенің көлемді түрі сәнді әрі жылы болып келеді. Ол джинс шалбарымен, классикалық шалбармен, белдемшемен, биік өкшелі және өкшесі жоқ етіктермен үйлесе береді. Бойы үзын бойжеткендерге күрткенің ұзын әрі көлемді түрін, ал бойы кішкентай қыздарға қысқа немесе тізеден жоғары тұратын түрін таңдаған жөн.
Қызыл ботильон
Қызыл ботильон қысқа арналған ыңғайлы аяқ киім болмағанымен, гардеробыңызға ерекшелік беретін деталь ретінде алуға болады. Күдеріден жасалған қызыл ботильондар өте сәнді көрінеді. Бастысы өкшесі ыңғайлы түрін таңдаңыз.
А. Жапатова