Құны сараймен бірдей сөмке

Құны сараймен бірдей сөмке
Фото: vk.com

Гонконгтағы "Кристис" бәссауда үйінде Hermès Birkin сөмкесі рекордты 380 мың долларға сатылды.

Аксессуар қолтырауын терісінен тігілген, сондай-ақ, 205 гаухартас және 18-карат алтынмен безендірілген. Сөмкеге Hermès Himalayan Birkin Bag атауы ерекше деграде аталатын бояу технологиясына байланысты қойылған. Ол қазіргі сәнге сай сұр және ақ рең аралығындағы өтпелі түспен боялған. “Сөмкенің сырты Гималай таулары мен оның шыңындағы ақ қарды еске түсіреді”,- дейді сән сарапшылары.

Лоттың алғашқы құны $193 000 болған. Оны алған адамның есімі жарияланбайды.

Естеріңізге сала кетейік, өткен жолғы рекорд та осы Hermès Birkin сөмкесімен байланысты болған. Ол бәссаудада 300 168 АҚШ долларына өтті.

А. Оралқызы