Оқи отырыңыз

Мойындағы борышты білу – білімнің ісі, борышты төлеу – адамшылық ісі

Автор: Ахмет Байтұрсынұлы

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Жұлдызды блогтар —

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Бойжеткен / Сән / Көктем-жаз – 2017: Плиссе белдемшесі

Көктем-жаз – 2017: Плиссе белдемшесі

Көктем-жаз – 2017: Плиссе белдемшесі

2017 жылы плиссе белдемшесі сәнге енді. Биыл миди және макси ұзындығындағы белдемше кисеңіз болады. Сәнді плиссе белдемшесі жас қыздарға да, ересек әйелдерге де жарасады. Киімнің бұл түрі алғашында мектеп оқушыларының белдемшесі болатын. Бүгінде ең сәнді лукты толықтырып тұратын әдемі киімге айналды. Сәндегі киімді сіздің де кигеніңіз жөн. 

Плиссенің тарихы тереңде. Французша plisse (бүрме) деп аталатын бұйымның шоқтығы биік. Алғаш плиссе Ежелгі Египетте пайда болған. Ал авторлығы ХХ ғасырдың әйгілі дизайнерлерінің бірі Мариано Фортуниге тиесілі, өйткені ол плиссе киімдерін өндіруді патенттеп алған. 1907 жылы дизайнер плиссені сән әлемінің сенсациясына айналдырды. Плиссе жібектен тігілген көйлек әйел мүсінінің сұлулығын паш етіп, әлемді шарлап кетті. 

Кино әлемінде құбылыс ретінде бағаланған Мэрилион Монро белдемшенің одан әрі қанат жаюына үлес қосты. Ал дәл қазір плиссені жұлдыздармен қатар, қарапайым қыз-келіншектер де кие алады.

Мэрилин Монро

Отандық сәнді бикештер де тенденцияға ілесіп, әдемі образ жасай білуде. Мысалы, әнші Лидо бейнесін плиссе белдемшесімен жақсы толықтырған.

Әнші Лидо

Плиссе белдемшесі дегенде гофре де қатар еске түседі. Өйткені аз ғана айырмашылығы болмаса, екі белдемше бірдей бүрмелі. Плиссенің сызықтары жоғарыдан төмен қарай бір көлемде болса, гофренің сызықтары жоғары жағы тар, етек жағы кең болып түседі. 2017 жылғы қайтадан сән әлемінің хитіне айналған белдемше негізінен жібек және шифоннан тігіледі. Киюге жеңіл белдемше мүсінді нәзік, сырлы етіп көрсетеді. 

Плиссе белдемшесін немен киеміз?

Ол кез келген киіммен жарасады. Плиссені суық күні жемпірмен, ыстық күні майкамен, қоңырсалқында жейдемен киюге болады. Ал аяққа биік өкшелі де, аласа өкшелі де аяқ киім кие аласыз, сондай-ақ кроссовкімен жарасады. Жұмысқа қою түсті (қара, қою қызыл) плиссе белдемшесін жейдемен, жакетпен, костюммен киіңіз, классикалық блузкамен де үйлеседі. Ал casual стилін таңдасаңыз, стилистер макси ұзындықтағы белдемше ұсынады. Плиссені жеңі жоқ блузкамен, үлкен сөмкемен және ыңғайлы, аласа аяқ киіммен жарастыра аласыз. Аталған белдемшені кешкі кездесуге киіп баруға болады. Бұл жағдайда биік өкшелі аяқ киім мен көзге көрінетін көлемді әшекейлер бейнеңізді толықтыра түседі. 

Плиссені мүсінге қарай таңдаймыз

Ірі бүрмелі плиссе (суретте бірінші) бәріне бірдей жарасады. Орта бойлы, бөксесі үлкен қыздар белдемшенің ірі бүрмелісін таңдауы керек. Өйткені ол сырт көзге бойды ұзартып көрсете алады. Ұзындығы тізеге дейін болғаны жөн. Тар бүрмелі плиссе (суретте екінші) арық қыз-келіншектерге жарасады. Олар макси және тізеге дейінгі ұзындықты таңдаса, өкінбейді. Ал бүрмесі ашық жасалған (суретте үшінші тұр) белдемге іші бар қыздардың мүсініндегі кемшін тұстарды жақсы жасырады.

2017 жылы дизайнерлер плиссенің металл түстегі және ашық түстегі түрлерін ұсынып отыр. Металл түстісі көп адамға ұнай бермейді, өйткені, оны ең батыл қыздар ғана кие алады. Жүргенде жарқ-жұрқ ететін металл плиссені біртүсті киіммен жарастыра аласыз. 

Металл плиссе

Ашық түсті плиссе (Суретте: Тейлор Свифт)

Биыл былғары, қара түсті белдемше сәнде болса, былғары плиссе де образды әдемі толықтырмақ. Бұндай белдемше бір оқпен екі қоянды атуға көмектеседі. 

Селена Гомес

Ал арнайы салтанатты шараларға тізеден аспайтын ақ түсті плиссені таңдауға болады. Қарапайым образ сияқты көрінгенімен, бұл киімдер бейнеңізге сән-салтанат үстейді.

Кейт Миддлтон

Плиссе белдемшені түсіне қарай үйлестіріп киеміз

  • Қара түсті плиссе барлық түспен сәйкес келеді. 
  • Жасыл белдемшені ашық түсті кофтамен жарастыра аласыз. 
  • Алқызыл түсті плиссені жазда кигеніңіз жөн. Ол күміс түсті киіммен үйлеседі. 
  • Сары плиссе белдемшені көңілді жүретін сәнқой арулар таңдап жатады. Оған лимон түсті, банан түсті, сарғыш кофта жарасады.
  • Ақ плиссе барлық түсті блузкамен сәйкес келеді. Тек ақ түс кіршең болғандықтан, оны ең маңызды сәтте кигеніңіз жөн. 
  • Сұр плиссе белдемше қызыл, коралл, ашық көк түсті кофтамен үйлесе кетеді. 
  • Көк плиссе белдемше кофе түсті блузкамен жарасымды. 

 

Бір плиссе белдемше сатып алсаңыз, оны әр күні әрқалай киюге болады. Өйткені бұл бұйым – әмбебап. 

2064 1
Рейтинг: +3

Қосылған күні: 20 сәуір, 09:19
Пікірлер
+0
20 сәуір, 09:51

Түүүүүүүүу мен трендте екем ғой. Маған Виктория Бекхэм киетін белдемшелер ұнайды))

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

"Мектеп 2017" 1-бөлім

Атауы: Мектеп 2017 Режиссері: Пак Джин Сок Бөлім саны: 16 Басты рөлдерде:  Соль Ин А, Чан Дон Юн, Ким Се Чжон, Ким Хи Чон

BTS –
BTS – "Blood,sweat & tears" [kaz_sub]

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл, 13 маусым

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев