Casual стилі

Casual стилі

Кэжуал (ағылшынша Casual) – ыңғайлы киім стилі, күнделікті киім үлгілері. Ұлыбританияда, дәлірек айтсақ, Шотландияның Абердин қаласынан бастау алған. Бұл стильдің ең басты қағидасы – киімнің қолайлы болуы. Кэжуал көшеде киюге бейімделген, еш субмәдениетке не жоғары сәнге жатпайтын киім түрлері.

Кэжуал стиліне жататын киім үлгілерінің көптігі сонша, оған нақты қандай киім жататынан гөрі, қандай киім жатпайтынын айту жеңіл. Сонымен, кэжуал стиліне мыналар жатпайды:

  • салтанатты киім, мысалға, әскери форма;
  • ресми киім, мысалға фрак немесе смокинг;
  • костюм-шалбар;
  • әдет-ғұрыпқа сай киім;
  • ұлттық киім үлгілері;
  • басқа стильге жататын киім үлгілері (мысалға, хип-хоп стилі).

Кэжуал стиліне тән киім үлгілерін шығаратын фирмалар:

  • Springfield
  • Bershka
  • Adidas Originals
  • Nike
  • Lc waikiki
  • Mexx
  • United colors of benetton
  • Topman
  • New yorker
  • Colin's

 

Cуреттер newclothing.co және wikipedia.org сайттарынан алынды.