Оқи отырыңыз

Талай жан бар аузыменен айды алар, қолымен қосаяқ та соға алмас.

Автор: Мұхтар Әуезов

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Жұлдызды блогтар —

Тек сол адам...
Тек сол адам...

Автор: Әсел Асанова

Статус: Редактор

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Бойжеткен / Сән / Көктем-жаз - 2012 трендтері

Көктем-жаз - 2012 трендтері

Көктем-жаз - 2012 трендтері

Тренд үлгілері 3-4 маусым бойы сәнде болып, үш этаптан өтеді, олар: басы, шарықтау шегі, соңы. Сондықтан, көктем-жаз - 2012 сәнді трендтері 2011 жылы да кездескен болса, таң қалмаңыз.  

Ақ түс

Ақ түске деген ерекше қызығушылық бірнеше маусым бойы сақталып келеді. Оның себебі: ақ түс түрлі түсті киімді ашық, жаңа етіп көрсете алады. Бұл маусымда ақ түсте орындалған шалбар, жейде, белдемше немесе пиджак кез келген киім үлгісін әсемдей түседі. 2012 жазының хиті - ақ шалбарлы костюм.

Ашық түстер

Ашық түстер мен олардың дұрыс үйлесімінің қазір сәнді болуы - алдыңғы маусымдардың ықпалынан. Апельсин түстес, сары, қызыл және ашық-жасыл түстер, сондай-ақ "теңіз түстері" - көк, көгілдір, жасыл-көк сәнге кірмек.

Нәзік ақшыл түстер

Ақшыл бояулар әлі де трендте! Сары, қызғылт сары, алқызыл, көкшіл, сарғыш қоңыр түстердің ақшыл реңктері сұраныста болмақ. 

Сәнді принттер

Бірін-бірі толықтыратын әр түрлі принттермен сәнделген киімдер топтамасы сәнде болмақ. Гүлді және акварель стиліндегі киім үлгілері, сондай-ақ үлкен византикалық алқа суреттерімен, жолақтармен сәнделген көйлектерді таңдаңыз. Үстінде жануар не жемістер бейнеленген киімдер маусым жаңалығы болмаса да, аз-маз кездесіп тұрады. 

Еліктірерлік шілтер

Бұл тренд сән тұғырында бірнеше маусым бойы берік тұр. Көз жауын алатын матаның бұл үлгісі шабытқа шектеу қоймайды!

Тері

Нәзік әрі иілгіш тері қызығарлық бейне жасауға мүмкіндік береді. Теріден тігілген сәнді шалбар, белдемше, көйлектер ерекше көрінері анық.

Модные тренды весна – лето 2012

Алтынның жылтыры

Астамдық сәнде болмақ, демек алтынның жылтыры да сәнқойлар назарында! Жарқыраған жібек пен тері, жылтыраған маталар, алтын жіптен тігілген кестелер, металл сынды маталар жаңа сәннің сиқырлығы болады.

20-ыншы жылдар ретро-гламуры

20-ыншы жылдардың кербез және нәзік стилі көптеген дизайншыларды шабыттандырды. Еліктірерлік кейіптер, жеңіл маталар, кішкентай бас киімдер  - осы трендтің ерекшеліктері. Gucci топтамасында қара және қола түстерінің үйлесімі осы стильде орынды қолданылған екен. Бұл 20-ыншы жылдардың Ар Деко стиліне құрмет ретінде шыққан топтама.  

70-інші жылдар стилі

70-інші жылдарға стильдердің әртүрлілігі тән. Кең балақты шалбар, трикотаждан тігілген киім, мини, миди, макси ұзындықтарындағы белдемшелер, кең жеңді көйлектер көктем-жаз - 2012 трендтеріне енеді. 

Сыған стилі

Көлемді белдемшелер мен кең жеңді көйлектерге қоса, айқын түстерде орындалған этникалық принттермен сәнделген киім үлгілері де сәнде болады. 

Футуристизм

Фантастика және басқа планеталықтарға тән ерекше пішіндер осы маусымда сәнде болмақ.

Модные тренды весна – лето 2012

Минимализм стилі

Бұл стиль өзінің шарықтау шағында. Осы стильде Celine, Hermes, Miu Miu, Calvin Klein и Max Mara сәнді үйлері өз топтамаларын орындады. Бөлшектердің аздығы бұл стильдің ерекшелігі болып табылады. 


Модные тренды весна – лето 2012

Ерекше үйлесімдер

Ерекше үйлесімдер қазір де сәнде болмақ. Маталардың, түстердің үйлесімдері тым ерекше болуы да мүмкін. 

Көктем-жаз - 2012 трендтері әр әйелге өзінің ерекше стилін қалыптастыруға мүмкіндік беретін жан-жақтылығымен қуантпақ. 

Суреттер fammeo.ru сайтынан алынды.

30395 2
Рейтинг: +0

Дайындаған: Сания А
Қосылған күні: 26 қаңтар 2012, 19:03
Пікірлер
+0
27 қаңтар 2012, 17:03

жасыл түс пен көк түстің үйлесімділігін-ай!! Гүл екен! Маған ұнады!

+0
27 қаңтар 2012, 23:34

Шіркін көктем тезірек келіп, осындай көйлектер кисек екен

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...