Дизайнерлер түсін өзгертетін көйлек жасап шығарды (видео)

«ShowPo» компаниясының дизайнерлері түсін өзгертетін көйлек жасап шығарды. Көйлектің түсін «iPad» планшетіндегі арнайы бағдарлама бойынша өзгертуге болады екен.

Дизайнерлердің жасап шығарған ерекше көйлегі көпшіліктің қызығушылығын тудыруда. Әзірге көйлектің түсі үш түске (ақ, көк және күлгін) ғана ауыса алады екен. Алдағы уақытта компания қызметкерлері көйлектің кем дегенде 10 түске дейін құбыла алатын түрін жасап шығаруды жоспарлап отыр.

«ShowPo» компаниясының ресми сайтында жариялаған ақпарат бойынша, көйлек жиілік бойынша түсін өзгерте алатын мата түрінен жасалады.  Көйлектегі жиілік «iPad»-ғы арнайы бағдарлама арқылы түсін өзгертеді.

Компания президенті Джейн Лудың айтуы бойынша ерекше көйлектің әзірге бір данасы ғана жасалған. Алдағы уақытта көптеп шығаратыны туралы ақпарат жариялаған жоқ.