- Негізгі бет
- Сән
- Жазғы сән-2016: Комбинезон...
Жазғы сән-2016: Комбинезон
2016 жылдың сәнді комбинезоны — ол күндізгі серуенге, жұмысқа және кештерге киюге болатын ыңғайлы әрі жайлы киімдердің бірі. Комбинезон таңдаудың артықшылығы оны немен үйлестіремін деп ойланудың қажеті болмайды. Сол себепті уақыт үнемдеуге мүмкіндік туады.
2016 жылы сәнді комбинезондарының біріне «сафари» стиліндегі түрлерін жатқызуға болады. Ең кең тараған түстерге құмды және сазды түстер жатады, «аңшылық» тематикасы қолданылады.
Бұл жылы дизайнерлер бойжеткендерге комбинезонның көк, қою қызыл, көк-жасыл, шабдалы, ақшыл, сары, алқызыл түстерін ұсынып отыр. Танымал брендтердің көрсетілімдерінде комбинезонның тұтас бір түсті және бірнеше түс үйлесімдері де ұсынылды. Комбинезонның үстіңгі және астыңғы бөлігі әр түрлі түсті болуы мүмкін.
2016 жылдың сәнді трендіне шығыс өрнектері, бұршақ, жолақ және гүлді принттер кіреді. Жануарлар суреттері бар комбинезондар да сәнді әрі әдемі көрінеді.
Комбинезон таңдарда төмендегі кеңестерге мән беріңіз:
– Жаз мезгіліне комбинезонның жеңіл, табиғи және жұқа матадан жасалған түрін алыңыз. Ол ауа жіберетін және ылғалды буға айналдыратын болуы керек;
– Комбинезон үлгісін таңдарда өз пішініңіздің ерекшеліктерін ескеріңіз. Егер арықтығыңызды жасырғыңыз келсе, комбинезонның ұзын әрі кең балақты шалбары бар түрін таңдаңыз. Егер артық салмақты жасырғыңыз келсе, кең тұратын комбинезон алыңыз. Беліңізді айқындау үшін резеңке немесе белбеу көмектеседі;
– Жаз мезгіліне комбинезонның балағы қысқа түрін алған жақсы, алайда олар барлығына бірдей жараса бермейді. Егер аяғыңыз аса ұзын болса, мұндай түрлерін таңдамаңыз, себебі ол пішініңіздің пропорциясын бұзып жібереді;
– Қою түстер пішінді арық етіп көрсетсе, ашық түстер ірілендіреді. Ірі принттер зейін тартса, ұсақ суреттер көлем береді.
А. Жапатова