Оқи отырыңыз

Өзі білмесе де елге ақыл айту – қазақтың қасиетті өнері.

Автор: Оралхан Бөкей

— Редактор бағаны —

Бір жылдан кейін орындалған аманат...
Бір жылдан кейін орындалған аманат...

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Бойжеткен / Сән / 1 қыркүйек. Не киемін?

1 қыркүйек. Не киемін?

1 қыркүйек. Не киемін?

Ертең күллі оқушылар қауымының көптен күткен күні - 1 қыркүйек. Жаз бойы демалып үлгерген оқушылар, тіпті студенттер жаңа оқу жылын дұрыс бастап, сәтті өткізуді қалайды. Әрине көптен көрмеген достарының алдында жаңарған бейнемен, әдемі көрінуге тырысады. Ертең мектебіне не оқу орнына не киетінін әлі шешпеген жастарға мына мақала көмек болмақ.

Әрине 1 қыркүйек үшін дәстүрлі киім - іскерлік стильдегі ақ-қара түстегі белдемше не шалбар мен жейде. Алайда бұл кейіпті де жаңаша етіп көрсетсе болады. Осыған қоса пиджак киіп көріңіз. Жейдені орамалмен не галстукпен әшекейлесеңіз болады.

Студент қыздарға бір жағынан іскерлік, екінші жағынан жастарға сай ойнақы стиль таңдауға кеңес береміз. Бұл тек киімнің ғана емес, сондай-ақ аксессуарлардың да әсері екенін ұмытпаңыз.

Ақ түсті жейдені 11 жыл киіп шаршаған студенттерге кеңес: ақ түстің орнына ашық, пастель түстерінің бірін таңдаңыз. Аяқ-киім, сөмке сияқты аксессуарлардың түстерін де сәйкес қылып кисеңіз, тіптен нағыз сәнқой атанасыз.

Ақ пен қара үйлесімінен шаршадыңыз ба? Ендеше олардың орнын ауыстырыңыз. Қара түсті жейде мен ақ шалбар не белдемше ерекше жарасады. Кереғар түсті аяқ-киім мен сөмке де сізді сәнді екеніңізді көрсетеді.

Ал мектеп оқушыларының арнайы формасы болған жағдайда ұстаздарының жүйкесін жұқартпай сол формасын киіп баруына кеңес береміз. Ерекшеленемін десеңіз аяқ-киім, сөмке, басқа да аксессуарларды сәйкестендіріп таңдаңыз. Әрине іскерлік стилін таңдаған дұрыс. 

Шаш сәніне де көңіл бөлгеніңіз дұрыс. Шашты түйіп, жиек кисеңіз болады. Макияжда ашық түстерді таңдағаныңыз жөн.

1 қыркүйектеріңіздің ұмытылмастай болып өтуіне тілектеспіз!

Дайындаған: Сания Аринова

Суреттер: vogueon.ru

3697 0
Рейтинг: +5

Дайындаған: Сания А
Қосылған күні: 31 тамыз 2012, 11:12
Пікірлер
+0
31 тамыз 2012, 11:22

шаш сәнінен суреттегі бесінші қыздың шаш сәні сондай ұнап тұрғаны... :D

+0
31 тамыз 2012, 11:31

Шіркін қайран оқушы кездерім)))

+0
31 тамыз 2012, 11:53

Оқушы кезіме ақ бантик мектеп формамды киюге асығар ем 1- қыркүйекке. Мындай киіну студент кезімде ойлаған болуым керек :)

+0
31 тамыз 2012, 12:20

сәл ерте оқығанымдагой, кеше агашкы кунге киетін койлек алып койып едим, уйге келген сон унатпай калдым :?

+0
31 тамыз 2012, 12:36

1кыркуйекте бiр бiрiндi корiп,маз болып,жазгы демалысты кайда,калай откiздi деген такырып кызу ангiмеленетiн. Сосын,кiм кандай киiм алды,кандай сумка,оку куралдарына дейiн карап шыгатынбыз. :) Мектебiм-ай!

+0
31 тамыз 2012, 13:29

ооой, сөмкелердің бәрі ұнап тұр ше...

+0
01 қыркүйек 2012, 21:54

мынандай сәнді киімдерді кию бізге арман ғой((( Бізде мектеп формасы "Строга" түрде. Және аксессуарлар таққызбайды(( дегенмен сәнді шаш үлгісі мен сумкаларды осылай таңдаймын. Кеңесіңізге рахмет!

+1
02 қыркүйек 2012, 03:47

Мынаны біздің мектепке киіп, кіріп қалсаң завуч әдемілеп тұрып қарсы алады :lol: ана аксессуарларды шешкізеді, керек болса үйіңе қайта киініп келуге жібереді :D ол да болмай жатса ата анаңа звондап деерррреу мектепке жеткізеді....сол үшін жай ғана қарапайым темно синий юбка, ақ блузка, ааа сосын каблук кисең біттің ғой, орнына балетка кисең болады. Болды сомен құда да тыныш, құдағи да тыныш жүреее бересің мектепте :mrgreen: :mrgreen:

+0
11 маусым 2013, 01:02

ой қыздар бұл кеңестер менің ойымша оқушыларға арналмаған мұғалімдерге арналған ғой

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...