- Негізгі бет
- Сән
- Асыл тастар: Інжу...
Асыл тастар: Інжу
Ежелден бері адамзаттың табиғатпен және тастармен байланысы бар екені белгілі. Тасты дұрыс таңдай білсеңіз, кей аурулардың алдын алып, емделуге де болады. Асыл тастардың түрлері және олардың пайдасы туралы жеке тоқталуды жөн көрдік. Ендеше, бүгінгі материалда інжу тасының ерекшелігі мен адам денсаулығына пайдасы туралы білетін боламыз.
Шығыста інжу (жемчуг) сүйікті тас саналады. Жапониялықтар інжу мен яшманы жастықты қайтаратын құрал деп біледі. Інжу мен жылтыр тасты бақытсыз әрі құнды затқа жатқызған, себебі ол Айдың теріс күшіне ие. Алайда ол түсін өзгерту арқылы денсаулыққа көмектесе алады екен. Үнді емшілерінің ойынша, інжу құрамына маңызды элементтер кіреді: Су, Ауа және Жер. Тастың салқындататын және тыныштандыратын қасиетін сонымен түсіндіреді.
Інжу тасы сонымен қатар, жалпы бекітуші қасиеттерге ие, ол өміршеңдікті және күшті жоғарылатады. Інжуді күміспен қаптап, оң жақ «аты жоқ» саусаққа таққан жөн.
Інжу – махаббатқа адалдықтың кепілі, ол неке байланысы мен шаңырақты бекітеді. Егер адам ар-намысынан тайып, өз ұстанымдарын өзгертсе, інжу тасы күңгірттеніп кетеді деген ырым бар. Сондықтан інжуді адамның іс-әрекетінің «барометрі» десек те болады.
Тастың атауы латынның «pernula» сөзінен аударғанда «теңіз бақалшығы» деген мағынаны білдіреді. Бұл минералдың маржан, магарит, інжудей дән, майда моншақ деген басқа да атаулары кездеседі. Інжу ақ, сары, көгілдір, қызыл және қара түсті болып келеді. Теңіз және өзен інжу тастары болады. Інжуді Жапония, Австралия, Венесуэладағы жылы теңіздерден табады. Бұрынғы заманда інжуді тек жылы теңіздердің түбінен алатын болған, ал інжуді табатын адамның мамандығы ең қауіпті болып саналған. Қазіргі кезде інжуді арнайы плантацияларда өсіреді. Табиғи інжулерді Ираннан, Үндістанданнан, Таитидан алады.
Емдік қасиеті
Інжу гипертониялық аурулардың күрт асқынуын жеңілдету, бүйрек, бауыр, асқазан және ішек ауруларын емдеу қасиеттерін жазады. Ол жүйке жүйесі қызметін реттейді. Литотерапевтердің айтуынша, інжуді жаңадан пайда болған аурулардың индикаторы ретінде пайдалануға болады. Себебі, ол ағзадағы қышқылдық теңгерімінің өзгерісіне әсер етіп, жылтырын жоғалтып, күңгірттене бастайды.
Тұмар ретінде інжу өз иесіне басқа адамдармен жақын қарым-қатынас ұстауға, көкірекшіл мінезін басуға көмектеседі. Ол іскер адамдарға дұрыс шешім қабылдауға, кез-келген келісімде пайда көруге септігі тиеді.
А. Жапатова