Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол МОЛДАЖАН

Статус: Арнайы жобалар директоры

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Бойжеткен / Сән / Сәннен шығып қалған бұйымдар

Сәннен шығып қалған бұйымдар

Сәннен шығып қалған бұйымдар

Әрдайым сәнге ілесіп киіну міндетті емес. Адам өз стиліне сай, жарасымды киінсе жеткілікті. Сән бір мезгіл болады да, өтіп кетеді. "Сәннен шығып қалған" деген ұғым бар. Мұндай бұйымдарды тұтыну кейде ыңғайсыздық тудыруы мүмкін. Кез келген жерде ұятты болмас үшін мұны да ескере жүріңіз.

Желбіршегі бар белдемше

Мықыныңыз кішкене болса да, желбіршегі бар белдемшемен жасырудың кезі кетті. Оның орнына фитнеске абонемент алыңыз. 

Бәйшешек пішінді белдемше

Етегі бүріліп тігілетін бәйшешек сұлбасындағы белдемшелерден сәннен шықты.

Тікенекті киімдер мен әшекейлер

Алтын, күміс түсті әр түрлі тікенекпен әрленген киімдер мен әшекей бұйымдарының да ғұмыры қысқа болды.

Тым ұзын тырнақ

Тым ұзын тырнақтар сәннен шыққалы қашан?! Қазір адамдар қай-қай нәрсенің де табиғи болғанын қалайды. Өзіңіз еңбекпен өсірген тырнақ болса да, тым ұзын болса жасанды көрінері анық, ал ол сүйкімді емес.

Сыңар әшекей

Қыздың көркін келтіретін әшекейлік бұйымдарды түсіне қарай үйлестіріп тағайық та, сыңарымен тағуды үнді халқына қалдырайық.

Гүлі бар ободок

Қолдан жасалған әшекейлер жаппай сәнге енген кезінде басына гүл тағып алғандай боп жүретін қыздарды көп кездестіруші едік. Қазір бұл да сәннен шығып барады.

Мықында тұратын шалбар

Белі тым төмен орналасқан, бөксені ғана жауып тұратын шалбарлар да сәннен қалды. Бел ортасына дейін жететін шалбарлар да ұтымды таңдауға жатпайды. Алтын орталықты сақтаған абзал.

Джинс "асты-үстімен"

Астына да, үстіне де бірдей джинс матадан тігілген киім таңдау да кешегі күннің еншісі. 

Жылтырақ

Жылтыр түсті киімдер де сән әлемінен көшіп кетті. Қазір көпшілік қарапайым нәрсеге үйір.

Дайындаған: Әсел Асанова
Фото: Аскар Сеитов
Қосылған күні: 13 қаңтар 2016, 15:15

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.