«Беу, қыздар-ай» байқауы: Business casual стилі

«Беу, қыздар-ай» байқауы: Business casual стилі
Фото: Серик Байбульсинов

Casual стилінің жетілдірілген нұсқасы бар. Ол іскер қыз-келіншектерге арналған академиялық, офистік стильдерге ұқсас business casual стилі. Костюм ілгегін ағытпастан тікесінен түзу жүріп-тұратын, қатаң офистік стиль емес, сәл жұмсартылған, сөйте тұра офистік бейнені сақтап тұратын бұл стиль өте сәнді көрінеді.

Бұл стильде текстура мен принт маңызды рөл ойнайды. Қыз бала киім сөресінің ажырамас бөлігі белдемше екені белгілі. Белдемшенің қарапайым түрінен гөрі өрнегі бар немесе неопрен, твид секілді ерекше матадан тігілген түрін таңдаңыз. Мұндай белдемшелер біртүсті не қарапайым, назарға ілікпейтін кеудешелермен жақсы жарасады.

Күн суытқан кездері жеңіл жейде мен кеудеше орнына жемпір киюге болады. Оны классикалық шалбар не белдемшемен үйлестірсеңіз, business casual стилі болып шыға келеді. Көйлек кеудеге қонымсыз болып тұрса, белдік, сөмке, танамоншақ, сәнді түйреуіш тағып, бейнеңізді аша түсуге болады.

Сұр, ақ, қара түсті киімдер кез келген адамның гардеробынан табылады. Үш түс бір-бірімен 100% үйлеседі. Сонымен бірге, бұл реңдерді ақ-қара, ақ-көк, ақ-сұр секілді қос түсті жолақ киіммен де үйлестіруге болады.

Business casual стиліне қандай аяқ киім сәйкес келеді деген заңды сұрақ туады. Өзіңізге қандай аяқ киім жайлы болса, сол сәйкес келеді. Мейлі, балетка болсын, мейлі оксфорд болсын, өкшелі туфли десеңіз де – таңдау өз еркіңізде. Бастысы, жүруге ыңғайлы болса болды.

@. @assel_assanova