- Негізгі бет
- Сән
- «Беу, қыздар-ай» байқауы:...
«Беу, қыздар-ай» байқауы: Бохо стилі
Стиль – үйлеспейтін секілді көрінген нәрселерді жарастыра білу. Бохо стилі – батыл тәжірибе жасап көруге таптырмас мүмкіндік.
Бұл стильге тән белгілер:
– көйлектер мен белдемшелер етегі көп қабатты, бірнеше етекті;
– мойын орағыш қалай болса солай, ұқыпсыз тағылады;
– қап тігетін мата мен шифон, тері мен шілтер, зығыр мен түкті материалдан тігілген киімдерді сәйкестендіру;
– ілмекпен тоқылған әшекей бұйымдары, көлемді сөмке, табаны тік аяқ киім;
– шығармашылық тұлғаға арналған еркін стиль.
Дизайнерлерден көргеніңіз бойынша киінбей, бохо стилін өзіңіз құрастырсаңыз, ұтымды шықпақ. Бірнеше үлгі ұсынып көрейік.
V-пішінді ойығы бар белдемшені біртүсті кеудешемен үйлестіріп, сабаннан жасалған кең жиекті қалпақты бірге киюге болады.
Скинни джинсі, кең тұратын тоқылған жемпір, хиппи стиліндегі шаш шеңбері;
Кең етекті көйлек ішіне түсі жағынан сәйкес келетін белдемше киіп көріңіз.
Стильдің негізгі бұйымдары: жалбыршақтары бар ұзын белдемше; теріден жасалған не тоқыма көкірекше; тар джинс; тоқылған кардиган; кең жиекті қалпақ; кең белдік; ұзын етік; көлемді, ашық түсті жіптен тоқылған сөмке; этникалық және винтаждық сәндік бұйымдар; майда гүлдері бар табиғи мата.
Сыған халқының үлгісіне ұқсас, жалбыршақтарымен ерекшеленетін бұл стильдің басты мақсаты – елден ерекше нақышта киіну.
@. @assel_assanova