Оқи отырыңыз

Адам тек жаңа туған кезінде, содан соң тек өлер сәтінде ғана бар күнәһарлықтан таза, ақ, адал сезімнің айдынында жүзе алады

Автор: Оралхан Бөкей

— Редактор бағаны —

Массагетте пікір қалдыру мен блог жазу ережесі өзгерді
Массагетте пікір қалдыру мен блог жазу ережесі өзгерді

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Арнайы жобалар / НАУРЫЗ 2014 / Қазақтың ұлттық киімдерінің ерекшеліктері

Қазақтың ұлттық киімдерінің ерекшеліктері

Қазақтың ұлттық киімдерінің ерекшеліктері

Қазақ халқының ұлттық киімдерінің қалыптасуы мен түр-сипаты көшпелі тұрмыс, құбылмалы ауа райымен қатар, халықтың наным-сенімдері, сұлулыққа құмарлығы, түрлі маталардың қолданысқа енуі және көрші ұлттармен мәдени-экономикалық байланысы әсірінен жылдар бойы өзгеріп отырды.

Қазақтардың киімнің етек-жеңіне оқа тігетіні, кимешектің өңіріне, жақтауына кесте жүргізетіні, сәбидің, қыз баланың, сал-серілердің бас киіміне үкі қадайтыны – түркі-қыпшақ заманы кезінде туған дәстүр. Бұл қадам жын-перілерден, пәле-жаладан, тіл-көзден сақтайды деп сенген.

Қазақы белбеу, қапсырма, бойтұмар, нәзік белдіктерге өрнектелетін әр түрлі құстардың, жыртқыштардың, көбелектің, ағаштың, жер-судың, тау-тастың кескінін беру ежелгі сақ, үйсін тайпаларынан қалған мұра.

Бойжеткендер белі қымталған, етек-жеңіне желбезек салынған қос етекті көйлек, оқалы қамзол киіп, беліне металл шытырлармен безендірілген немесе ширатпалы күміс белдік (кейбір жерде нәзік белдік) буынған.

Қазақстанның кейбір өңірлерінде етек-жеңге екі-үш қатар бүктесін, яғни қосетек тіккен. Ал оңтүстікте осындай көйлектің үстіне белдемше қаусырынады немесе шалғы орайды екен.

Тақиямен қатар, белдік те қыздық дәуреннің белгісі саналған. Қыз бала белдігін арындай қорғаған, оның жоғалтып алу – арынан айырылғанмен бірдей болған.

Қос етекті көйлек тек қыз балаға тән киім. Баласы бар әйелдерге шымқай түсті матадан тігілген. Кестеленген немесе қос етек салынған көйлек кию ерсі саналатын.

Қыздар шашын көбіне қос бұрым етіп өріп, бас киімсіз-ақ жүре беретін болса, әйел тұрмыс құрған соң ақсаңнан (сұрыптан) тігілетін, кеудесін, иығын, жон арқасын жауып тұратын, жақтауы, өңірі, тамақ жағы кестеленген кимешек киетін.

Кимешектің шаршысының, пішімінің үлгісіне қарай шылауым, сұлама, күндік, орама деген атаулары бар.

Қазақтар құланның, ақбөкеннің, жолбарыстың, жанаттың, бұлғынның, сусардың, ақ тышқанның терілерін ерекше бағалайды. Бұл аңдардың терілерінен тондар тігілді.

Қазақ халқының ұлттық киімдерінде тұрғындардың географиялық, ру-тайпалық ерекшеліктері де көрінеді және ол көбіне бас киім мен шапаннан байқалады. Мысалы, 8 сай уақ тымақ, 3 құлақты керей тымақ, қаракесек, адай бөрік, арғын тымақ, қыпшақ тымақ, сырмалаған 6 сай найман тымақ, 4 сай жатаған тобықты тымағы болған. Аймақ ерекшелігіне қарай Жетісу, Арқа, қоңырат үлгісіндегі тымақтар болған.

Ұлы жүздің ерлер шапаны көбінесе жолақты, сырмалы, етек-жеңдері ұзын, ашық жағалы келеді. Оңтүстік еліне көршілес өзбек, тәжік, ұйғыр халықтарының киім үлгісінің әсері болғаны байқалады.

Орта жүз өкілдері орыс, татар халықтарымен аралас-құралас болғандықтан бұл олардың киім үлгілері мен киім киістеріне де әсер етті: шапандары көбінесе бір беткей матадан тігіліп, сырусыз, сирек қабылып, етектері шалғайлы, жеңдері кең, жағалары шолақ ойма немесе түймелі болды.

Кіші жүздің шапандары да шалғайлы, жеңдері ұзын және кең, жүн тартқан, бидайлаған қалың, қайырма жағалы болып келеді.

Өрнектермен кестеленген күдері бешпет пен жарғақ шалбар жоғары бағаланған.

Егде тарта бастаған еркектің киім-кешегі әдетте жігіттің киіміне тән элементтерден тұрғанымен, пішімі молдау, шалбары кеңдеу болып тігілетін.

Қарттардың киімі мейлінше қарапайым, көбіне көктеп тігілетін және әшекейсіз болған.

Қалыптасқан дәстүр бойынша, қарттарға арнайы жейде, жырым балақты шалбар, арасына түйе жүн салып сырылатын көкірекше, бешпет, шекпен, шапан тігілетін.

Түйе жүнінен бастырылып, шұғамен тысталатын күпі – малшының басты киімі саналған.

Қазақ қоғамында шұғамен немесе барқытпен тысталған пұшпақ ішік жоғары бағаланған. Аса сәнді ішіктің қаусырмасы мен шалғайы кәмшат немесе сусар терілерімен көмкерілген.

Сырт киімнің көне түрлерінің бірі – кебенекті шаршылап, қылшығын сыртына шығара басқан жұқа киізден ақ, қара немесе қоңыр түсті етіп, атқа отыруға ыңғайлы болу үшін артында жарма қалдырып, шалбарымен қоса пішкен. Шапанға ұқсас болғанымен, тік немесе күләпара іспетті жағасы бар кебенекті жылқышылар үскірік аяз бен ызғырақ желден, жаңбыр мен қардан сақтану үшін қысқы киімнің сыртынан киген.

Қаусыра киілетін сырт киім түймеге бекітілмейтіндіктен, ерлер кісе белбеу таққан. Оның кәдімгі белдіктен айырмашылығы — бұрынғы аңшылардың садақ жебесін салатын қорабы, оқ-дәрі салатын оқшантайлары іспетті салпыншақтарының, мығым бекітілген қынының болатынымен байланысты. Кісе металл шытырларымен безендірілген.

Ерлердің бас киімі бөрік көбіне кәдеге жаратылған аң терілерінің атымен: құндыз бөрік, сусар бөрік, пұшпақ бөрік деп аталған.

Оңтүстік аймақтарда қой терісінен тігілген, түрмесі үлкен бөрік киеді.

Бөріктің неғұрлым жүнді де жылы түрлері Батыс Қазақстан, Атырау жағында жиі кездеседі.

Жетісу, Семей, Өскемен жағында жалпақ және биік түрмелі үлгілері көп.

Әр облыста (әр жүзде) тымақ әр алуан үлгіде тігіледі. Олардың әрқайсысын “арғын тымақ", "үйсін тымақ", "найман тымақ" деп немесе "ұлы жүз үлгісі", "орта жүз үлгісі", "кіші жүз үлгісі" деп түр-түрге бөліп айтады.

Жекей тымақ деп — жаз бен күзде киетін әрі сәнді, әрі жеңіл елтірі тымақты айтады. Жекей — сәнді деген сөз.

Егде жастағы ер адамдар дөңгелек тақиясын басынан тастамаған. Сыртқа шыққанда оның үстіне бөрік, тымақ, қалпақ киетін болған. Тақияның ең қарапайым әшекейі — шеңберінің айналасына берілетін иректелген сызықша.

Жастардың тақиясы күмбезінің төрт жағынан жібек немесе зерлі жіптермен шұғыла, гүл тағы да басқа өрнектермен көмкерілетін болған.

Үйлену салтанатына арнап қалындықты жасандырғанда, әдетте оның басына маңдайлық, желкелік жанамала қыстырылатын қаңқа ретінде биіктігі 20-30 сантиметрдей келетін бағалы аң терісімен көмкерілген «сүйір бөрік» кигізетін де, үстіне сәукеленің өзін қондыратын болған.

Сәукелеге міндетті түрде жұқа ақ желек ілетін болған. Ол беташар айтылғанда қалыңдықтың жүзін, бүкіл денесін жауып төгіліп тұратындықтан, қыздың дене пішімін өте нәзік, сымбатты етіп көрінетін.

Үйлену тойына бұрын қалыңдық сәукеленің орнына зерлі қасаба да киген. Оған дәлел — қазақ тілінің лексиконында «қасабалы қалыңдық», «қасабалы келіншек» деген тіркестердің сақталып қалғандығы.

Қасабаның маңдайына әр түрлі шытырлардан, інжу, маржан, перуза секілді тастардан тізілген дөңгелек табақшалармен бекітілген қыстырма ілінеді екен.

Ал оң жағына, самайдың үстіне туралап маңдайдағыдан ұзынырақ күміс қоңыраушалармен үшталған бес-алты тізбектен тұратын салпыншақ қыстырылатын болған. Бұл жас келіннің жүйкесін жұбатады-мыс деген ескі ұғымнан туған түсінік болса керек.

Қасабаға "қалыңдық сұқ көзден аулақ болсын" деп үкі қадаған.

Ежелгі салтпен келіншек той өткен соң қасабаны үкісіз, желексіз киіп, құламасына орамал салған.

Қазақтарда қаралы киім болмаған. Әйелдер әдетте бұрымын тарқатып, шашын жаятын да, киіміндегі әшекейлерді жұлып тастап, иығына қара жамылатын болған. Ал еркектер жағы сұр түсті шыт пен сәтеннен қаралы белбеу буынып, таяққа сүйеніп, өліктің денесі қойылған үйдің алдында көңіл айтуға келгендермен көрісіп, олармен бірге үйге құран оқылып, жұбату айтылатын кезде ғана кіретін.

Етіктің өміршеңдігін арттыру үшін еркектер оң мен солға ажыратылмайтын етік киген. Ал аяқ-киімді оң-солға бөлу үрдісі еуропалықтардың ықпалымен таралған.

Қолдан иленген көннен тігілетін саптама етік шаруашылық үшін өте ыңғайлы болған. Оны адамның аяғы мен тізе буынын суықтан сақтауға бейімделген қозы жүнінен басылған байпақтың (ұйық) сыртынан киген.

Қарапайым шаруа қазақтар шөгінді, қиыршық тасты таулы жерлерде етіктің сыртынан табаны мен өкшесі мұқалмас үшін шикі қайыстан тігілген шарық киетін.

Етіктің табанына киізден ұлтарақ салатын болған. Мұның бәрі аяқтан аяз (ызғар) өтпес үшін пайдаланылған.

Қыста киетін байпақтың киізі қалың, ал жазда киетін байпақтың киізі жұқа болады.

Кебіс — мәсінің сыртынан киюге арналған, былғарыдан тігілген қонышсыз аяқ киім. Бұрын кебісті галош орнына киген. Оның басын жұмсақ қара былғарыдан, табанын қатты ұлтаннан биік өкше етіп тіккен. Оны оюлармен, тұмсығын сызықтап күміс, зер жіптермен әшекейлеген.

Жас жігіттер, серілер мықшима етік киген. Оның өкшесінің түбі жуан, жер басар жағы жіңішке, тұмсығы жоғары қарай қайқы келген. 

Сурет: ayapov.com, otrarmuseum.kz, www.balkhashlib.kz,
wordyou.ru, vum.kz, neke.kz

Дайындаған: Анар Мұстафина

Дайындаған: Anara Mustafina
Қосылған күні: 21 наурыз 2014, 17:22
Пікірлер
+0
22 наурыз 2014, 10:37

Қазақ киімі ең керемет киім!!

+0
23 наурыз 2014, 00:41

Қазақша киімге не жетсін?

+0
14 наурыз 2015, 18:53

Қазақтың ұлттық киімдерін қатты жақсы көремін

+0
28 наурыз 2015, 18:48

Қазақтың жауынгер ерлері мен қыздарының киімдері туралы ақпараттар болса, жақсы болар еді.

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.