- Негізгі бет
- Сән
- Сән әлемінен сауаттылығыңызды...
Сән әлемінен сауаттылығыңызды тексеріңіз (жауабы)
Оқырмандарымыздың талғамын және сән әлеміндегі сауаттылығын анықтау мақсатында бірнеше сауал ұсынған едік. Жауаптарын өз жауабыңызбен тексеріп көріңіздер.
1. Оң жақ суреттегі шалбар ұзындығы дұрыс. Егер шалбар балағы ұзын болса, өкшелі туфлидің жартысын жауып тұруы тиіс. Сол жақтағы суретте шалбар тым қысқа.
2. Сол жағындағы суретте V-бейнелі киім ойығы мойынды ұзынырақ, сымбатты етіп көрсетеді. Белдемше де орнықты. Туфли де оң жақтағы суретте етікке қарағанда аяқты ұзын, арықтау етіп көрсетеді.
3. Екінші коллаждағы көйлектер сұлу мүсінді айқын көрсетіп, сымбатты паш етуге арналған. Симметриялық сызықтары, бұрыштық бейнелер, басқа да элементтер мүсіндегі кемшіліктерді жасырады.
4. Классикалық ақ түсті ерлердікі секілді жейде кез келген гардеробта болуы тиіс.
5. Стильге сәйкес сәтті үйлескен. Қазір спорттық киім, аяқ киімдерді өзге киімдермен жарастырып кию сәнге айналды. Қатып қалған қағиданы бұзу арқылы заманауи сәнге сай киінген деп танылады.
6. Қызыл түсті туфли ашық акцент қызметін атқарып тұр.
7. Злегантты қалалық стиль. Элегантты стильдің классикалық стильден айырмашылығы жоғарғы жағы бөлік болып келеді.
8. Қарындаш пішінді белдемше бөксені тартымды көрсетеді.
9. Этника. Этникалық стиль ұлттық киімнің белгілі бір бөлігін не өзге халық киімінің элементін заманауи киімде қолдану.
@. @assel_assanova