1-курс студенті: Қызыл туфлиді немен үйлестіруге болады?

1-курс студенті: Қызыл туфлиді немен үйлестіруге болады?
Фото: goodfon.ru

Жаңа өмір кезеңіне қадам басқан бойжеткен өз гардеробын жаңартатыны сөзсіз. Әдетте студенттің базалық гардеробына ақшыл және қызыл түсті өкшесі бар туфли кіреді. Ақшыл түсті туфли барлық түсті киіммен жараса кетеді. Ал қызыл түсті үйлестіріп киюде абай болу керек. Қызыл туфлимен не жарасады?

Қызыл түсті аксессуарлар

Қызыл туфли киетін болсаңыз, қызыл түсті белдік, орамал мен сырға тағуыңызға болады. Ескеретін жайт: қызыл туфлиді түстес аксессуармен үйлестіруді шешсеңіз, қызыл түсті киім кимегеніңіз жөн.

Джинс/деним

Қызыл түсті туфлимен джинс skinny шалбары, белдемше, көйлек жарасымды көрінеді. Сонымен қатар арнайы дресс-кодты да ұстануға болады. Яғни тізеге дейін келетін классикалық юбка не кеңдеу шалбар мен қызыл туфли үлгісі.

Сырт киімі

Сұр не қара плащ ең ұтымды киім үлгілеріне жатады. Егер кездесуге баруды жоспарласаңыз, гүлді принті бар жемпір киюіңізге болады. Бұл романтикалық образдың элементі. Алайда ақшыл түсті плащ, жеңіл көйлек пен қызыл түфли ең ұтымды нұсқа екенін ұмытпағайсыз. Бұл үлгі оқуға ғана емес, маңызды шараға, жұмыс бабымен жоспарланған кездесуге де жарасымды.

Қызыл туфлимен не киюге болмайды?

Ашық түсті джинс материалды шалбар, жакеттер қызыл туфлимен үйлеспейді. Сонымен бірге қыз-келіншектер жақсы көретін «каппучино, кофе» түсті және түрлі түсті, принті бар колготкаларды қызыл түфлимен киюден аулақ болғайсыз.

Ф. Абилова